Түркістан облысында Көрісу күні атап өтілді

0
659

Кітапхана оқырмандары, өнерпаздар өлең оқып, ән шырқап, би билеп мерекенің көркін кіргізді.


Түркістан облысында Көрісу күні атап өтілді

Түркістан облыстық «Фараб» кітапханасында көрісу күні атап өтілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін облыстық «Фараб» кітапханасында Көрісу күні – Амал мерекесіне орай «Жаңа өмір – Жаңа күн» атты мерекелік шара өтті. Іс-шара Наурызнама онкүндігі аясында ұйымдастырылды.


Мерекелік шараны Түркістан облыстық маслихатының депутаты Инара Намазбаева және облыстық «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова құттықтау сөз алып, жиналған көпшілікке мерекенің маңызы мен негізі жайлы сөз қозғады. Мереке күні Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұжымы арнайы көрісуге келді.


Кітапхана оқырмандары, өнерпаздар өлең оқып, ән шырқап, би билеп мерекенің көркін кіргізді. Қонақтар мерекенің сәні болған Наурыз көжеден дәм татты. Кітапханашылардың сомдауында «Ұмай ана» көрінісі сахналанды.


Алдагерлер және әжелер алқасының мүшелері ізгі тілектерін білдіріп, барша жиналған көпшілікті мерекемен құттықтады. Шара соңында өнерпаздарға кітапхана директорының атынан арнайы алғыс хат табысталды.