Түркістан облысында үй өртеніп, екі бала көз жұмды

0
511

13 жасқа енді толған екі баланың денесі табылды.


Түркістан облысында үй өртеніп, екі бала көз жұмды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында жеке тұрғын үй өртеніп, 13 жасар екі бала қаза тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Аталған оқыс оқиға Сауран ауданы, Бабайқорған ауылындағы Ш.Қалдаяқов көшесінде орын алған. Екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, жалын 180 шаршы метрді шарпыған. Бірінші қабаттың төбесі опырылып түскен. Оқиға салдарынан 13 жасқа енді толған екі жасөспірім қаза тапты.


«Өртті сөндіруге төтенше жағдай департаментінің 24 қызметкері мен 7 техникасы, полиция департаментінің 9 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды», - делінген ТО ТЖД-ның мәлімдемесінде.