Кентау-Түркістан бағытында «ГАЗель» мен «Ауди» көліктері соқтығысты.
Түркістан облысында «ГАЗель» автокөлігі отқа оранып, ішіндегі 7 жолаушы әртүрлі дене жарақатымен жергілікті ауруханаға жеткізілді, деп жазады ERNUR.KZ 24.kz телеарнасының сайтына сілтеме жасап.
Кентау-Түркістан бағытында болған көлік апатында «Ауди» жеңіл автокөлігі мен жолаушылар таситын «ГАЗель» көлігі соқтығысқан. Куәгерлердің айтуынша, «Ауди» маркалы көлік қарсы бағытқа шығып кетіп шағын автобусқа бетпе-бет ұрылған. Соның салдарынан «ГАЗель» көлігіндегі 7 адамды күйік шалды. Ал жеңіл көліктің иесі яғни автокөлік жүргізушісі сол орнында қайтыс болған. Аталған жайт Кентау қалалық ішкі істер бөлімінде сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімен ҚР ҚК-нің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабымен тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.