ТҮРКІСТАН: Ордабасылық түлектер бір отбасына баспана сыйлады

0
446

Олардың әрқайсысы тағдырдың сынағына түскен отбасылар.


ТҮРКІСТАН: Ордабасылық түлектер бір отбасына баспана сыйлады

Ордабасыда 2004 жылғы түлектер бір отбасына баспана сыйлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Ордабасы ауданында әр жылдары мектеп бітірген түлектердің білім ордаларындағы соңғы қоңырау қарсаңында қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмектесуі, өз ауылының көркейіп-көріктенуіне үлес қосуы дәстүрге айналып келеді.


Биыл да бұл дәстүр жалғасып, аудан орталығы Темірландағы Ш.Уалиханов, А.Иманов және Қ.Бектаев мектептерінің 2004 жылғы түлектері мұқтаж отбасыға баспана сыйлады.


Олар аталған баспананы тарту ету үшін мұқтаж отбасыны таңдау үшін “Игілік” қоғамдық қоры 8 отбасының презентациясын ұсынған. Олардың әрқайсысы тағдырдың сынағына түскен отбасылар. Солардың арасынан жалғызбасты, көпбалалы Замира Тасболатова көпшілік дауыспен таңдалып алынған. Бұл отбасы осы уақытқа дейін тар бөлмені жалдап тұрып келген.


Айта кету керек, бұл шара “20 жылдық түлектерден 1 қоныс” жобасы аясында жүзеге асып отыр. Яғни, бұл жоба осыдан төрт жыл бұрын, 2001 жылғы түлектерден бастау алған. Осы уақытқа дейін төрт отбасыға баспана тарту етілген.


Ауданда осы бағыттағы игі істер жалғасады. Түлектердің бұл қайырымды ісі ел-жұртқа үлгі болары сөзсіз.