ТҮРКІСТАН: Ө.Шөкеев Мақтаарал, Жетісай аудандарындағы жұмыстармен танысты

0
754

Облыс басшысы өңірдегі шаруалармен кездесіп,


ТҮРКІСТАН: Ө.Шөкеев Мақтаарал, Жетісай аудандарындағы жұмыстармен танысты

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданында іссапармен болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ең алдымен «Сабыр» шаруа қожалығының бір жерден екі өнім алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты. Диқандар қыстың қақ ортасында 12,2 гектар жерге қырыққабат егіп, ерте көктемде 305 тонна өнім алған. Енді дәл сол жерге шаруалар қауын, дәндік жүгері егіп, тағы да 310 тоннаға жуық өнім алуды жоспарлап отыр.

Одан соң аймақ басшысы КХ-78 облыстық тас жолы бойындағы көпірдің жағдайын бақылады.

Сондай-ақ, «Қазсушар» РМК, Достық каналының уәкілдері мен су қауымдастықтарының басшылары және шаруалармен кездесті. Қазіргі таңда онда 16,4 шақырымға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Онда 6 шақырым ресайклерлеу, 11 шақырым асфальт салу жұмыстары атқырылған.

Өмірзақ Естайұлы Жетісай ауданына сапары барысында өңірдегі ауылшаруашылық және жол жөндеу саласындағы бірқатар атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Ең әуелі Жетісай қаласына қарасты ұзындығы 1,68 шақырымды құрайтын С.Қожанов көшесін орта жөндеу жұмыстарын тексерді. Аталған көшенің ені 16 метрге кеңейтіліп, төрт жолақты жол болып салынады. Сондай-ақ, көшеге жарықтандыру бағаналары мен жиектеме тастар орнату жұмыстары жүргізіледі.

Облыс басшысының назарынан ұзындығы 19,9 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар «КХ-86 «Жетісай-Мақталы» автомобиль жолын орта жөндеуден өткізу жұмыстары да тыс қалған жоқ. Нысанның жөндеу жұмыстары 2021 жылға өтпелі.

Кейін облыс басшысы «Камильжон» шаруа қожалығына аялдады. Ынтымақ ауылында орналасқан кәсіпорын 1996 жылы құрылған. Қазіргі таңда 71 гектар аумақты алып жатқан шаруақожалықта 10 адам тұрақты түрде жұмыс істейді. 2020 жылы егілген ауыл шаруашылығы дақылдары мақта, болгар бұрышы, қырыққабат. Екінші өнімге қауын, қарбыз, маш және күздік қырыққабат дақылын егуді көздеп отыр.

Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Жетісай ауданының Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде орналасқан Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы машиналық каналға барды. Каналға 13, 523 млрд теңге жұмсалып, 2011 жылы салынған болатын. Канал 86,7 мың гектар егістік алқапты ағын сумен қамтамасыз етуге қауқарлы.

Аймақ басшысы шаруалармен кездесіп, жалпы шаруалардың сусыз қалмау керектігін ескертті. Жергілікті шаруаларға машиналық әдіспен суарудың үлесі зор екендігін жеткізді.