Түркістан облысының полицейлері Төлеби ауданының тұрғынын 40 грам марихаунамен ұстаған.
Түркістан облысы Полиция департаменті есірткіге қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің жүргізген жедел-алдын алу іс-шарасы көлемінде ағымдағы жылдың басында 70-ке жуық есірткі құқықбұзушылығы мен қылмыстарын, соның ішінде 12 есірткі сату және көп мөлшерде есірткі затын сақтаудың 7 дерегін анықтады - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Полицейлер заңсыз айналымдағы 11,5 кг-нан асатын есірткі затын тәркілеген. Атап айтқанда, 2019 жылдың қаңтар айында ТО ПД ЕБҚКБ-на Төлеби ауданының тұрғыны марихуана сатумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түскен. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полицейлер есірткі сатқан күдіктіні ұстады. Заттай айғақ ретінде салмағы 40 грамнан асатын марихуана тәркіледі.