Кешен қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жылына 300 тоннадан асатын өнім өндіреді.
Сауран ауданына тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу цехы іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сауран ауданына қарасты Үшқайық ауылдық округінде «ND PLAST TURAN» тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу цехы іске қосылды. Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов қатысып, тың жобаға сәттілік тіледі.
Кешен қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жылына 300 тоннадан асатын өнім өндіреді. 1 гектар аумақта орналасқан нысанда 10 адам тұрақты түрде жұмыспен қамтылған.
«ND PLAST TURAN» кәсіпорын басшысы Нұрислам Ебергенов алдағы уақытта өнім көлемін арттырып, осы шикізаттан пластикалық құбыр шығаруды жоспарлап отыр.