ТҮРКІСТАН: «Шымкент-Сайрам-Қарамұрт» автомобиль жолы жөндеуден өтуде

0
1 336

Биыл бұл автомобиль жолының 26 шақырымы жөндеуден өтеді.


ТҮРКІСТАН: «Шымкент-Сайрам-Қарамұрт» автомобиль жолы жөндеуден өтуде

Түркістан облысына қарасты «Шымкент-Сайрам-Қарамұрт» автомобиль жолында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда Түркістан облысында республика, облыс, аудан орталықтарын қосатын автомобиль жолдары басты назарда. Қазірде облыста халық тығыз орналасқан аудандарды облыс орталығына қосатын жолдарды жөндеуге көңіл бөлінуде. Солардың бірі Сайрам ауданындағы КХ-83 «Шымкент-Сайрам-Қарамұрт» автомобиль жолы.

«Шымкент-Сайрам-Қарамұрт» автомобиль жолының 0-8 шақырым автомобиль жолы қайта құрудан өтсе, 8 -26,1 шықырым жолы күрделі жөндеуден өтуде.


Аталған жол құрылыс жұмыстарына «ТО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі тапсырыс берген.

Жол құрылысы жобасының құны 2 213,560 млн.теңге құрайтын 0-8 шақырым автомобиль жолы қайта құрудан «Отау-Строй» мердігер мекемесі жүргізеді. Ал, 1 838,041 млн.теңгені құрайтын 8 -26,1 шықырым жолды күрделі жөндеуден «Шымкентдорстрой ӨК» мердігер мекемесі жүргізуде.

Жолдың жалпы ұзындығы 26 шақырымнан асады. Аталмыш жол құрылыс жұмыстары 2017 жыл қараша айында басталса, 2019 жылдың қараша айында қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр.