ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында жағдай тұрақты

0
533

30 ерікті, жалпы 390 адам жасақталды.


ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында жағдай тұрақты

Төлеби ауданындағы каналдар мен қашыртқыларға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың тапсырмасына сәйкес, аудан аумағындағы каналдар мен қашыртқыларға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Ауа-райының күрт жылуы, екі күн бойы толассыз жауған жауын салдарынан жиналған сулар қашыртқылар арқылы қалыпты жағдайда ағуда. Ауданға қарасты елді мекендерде дер кезінде мұздар ойылып, арық-атыздар қоқыстан тазалануының нәтижесінде еріген қар сулары өз сағасымен жүруде.


Қазіргі таңда аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев, қала және ауылдық округ әкімдері төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында елді мекендерді аралап, су басу қаупі жоғары елді мекендерде жұмыстарды жалғастыруда.


Су тасу қаупінің алдын алу үшін 4 эксковатор жұмылдырылып, 6,8 шқ. канал механикалық тазалаудан өтті. Каналдардың басындағы су торабтары жабылып, кезекшілік ұйымдастырылды. 13 қала, ауылдық округі бойынша жеке техникалары бар ауыл тұрғындарымен меморандум түзілді. Сонымен қатар үйлерге су кіру қаупінің алдын алу мақсатында 9000 дана қап құм қапталып, ауылдық округтерге жеткізілді. 55 елді мекен бойынша 50 шқ. жуық ішкі арық-атыздар кар үйінділерінен тазартылды. Су басу қаупі бар аймақтағы тұрғындарға хабарламалар таратылды.


Төлеби ауданына қарасты 55 елді мекенінде қардың еруі мен жаңбырдан жиналған сулардың тұрғын үйлер мен төрт түлікке тигізер қаупі жоқ. Су тасу қаупі бар аймақтарда тұрғындарды эвокуациялау бекеттері дайындыққа келтіріліп, әр ауылдық округтерде 30 ерікті, жалпы 390 адам жасақталды. Аудандағы жағдай тікелей аудан әкімі Төлеген Тұртайұлының бақылауында.