Төле би ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков биылғы жылы пайдалануға берілетін нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысып, мердігер компанияларға нақты тапсырма берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ел игілігіне тұрғызылып жатқан құрылыс нысандарының жұмысын басты назарға алған аудан басшысы Ленгір қаласындағы №5 мектеп-гимназиясының оқу блогы, асхана, спорт зал, кітапхана және шеберхана құрылысын, №1 мектеп-гимназиясының 300 орындық оқу блогының, Ленгір қаласынының 1-ші мөлтек ауданындағы спорт кешенінің, Аққұм елді мекеніндегі Қ.Тыныбеков атындағы орта мектебінің спорт залының, Көксәйек елді мекені Жолан көшесіндегі 100 орындық бастауыш мектебінің, Киелітас елді мекеніндегі «М.Әуезов» атындағы жалпы орта мектебінің акт залы, спорт зал, асхана, шеберхана, кітапханасының, Ақбастау елді мекеніндегі 200 орындық мектептің құрылыс басында болып, құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген өндірістік кестеге сәйкес жүргізуді мердігер мекемелердің басшыларына қадап айтты. Сондай ақ, аудандық құрылыс бөлімінің басшысына, ауданда салынып жатқан құрылыс жұмыстарына жергілікті жұмыссыз азаматтарды «Төлеби аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы» арқылы тартуды тапсырды.
Сонымен қатар, Қаратөбе ауылдық округінің Балдыберек-Төңкеріс елді мекендеріне тартылып жатқан газ құбырының құрылысымен танысты.