ТҮРКІСТАН: Төлебиде өзен жағалауынан 28 тонна қоқыс жиналды

0
102

Сенбілікке жалпы 1200 адам, 25 техника жұмылдырылып, 28 тонна қоқыс жиналып, арнайы орынға шығарылды.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде өзен жағалауынан 28 тонна қоқыс жиналды

Төлебидегі сенбілікте 8 шақырым өзен жағалауынан 28 тонна қоқыс жиналды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімдігімен бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасының "Жасыл толқын" кезеңіне орай, Төлеби ауданы аумағында жалпыаудандық сенбілік өтуде.


Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың бастамасымен тазалық шарасы жұма және сенбі күндерге белгіленіп, барлық ауылдық округтер өз әкімшілік аумақтарында сенбілікті ұйымдастырып, жол жиегі, көше бойы, саябақ, скверлерді, арық-атыздарды күл-қоқыстан тазалап қана қоймай, ағаш егу, ағаш бұталарды қырқу, ағаш түптерін әктеу жұмыстарын жүргізілуде.


Сонымен қатар бекітілген кестеге көрсетілгендей, өзен жағалауларын күл-қоқыстан, сынған ағаш бұтақтарынан, өзен ағысына кедергі келтіріп тұрған пластик, шыны бөтелкелерден тазартуда. Бүгін, кезекті сенбілік Ленгір қаласы үзындығы 8 шақырымды құрайтын Ленгерка өзенінің бойын түрлі қоқыстардан тазарту мақсатында сенбілік өтті. Аудан халқы, еріктілер, жастар, кәсіпкерлік нысан иелері, мекеме кызметкерлерінің қатысуымен өткен тазалық шарасында пластикалық, шыны және басқа да қоқыстардан тазартылды. Сенбілікке жалпы 1200 адам, 25 техника жұмылдырылып, 28 тонна қоқыс жиналып, арнайы орынға шығарылды.


Аудан халқы арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша күш-жігерді біріктіру, тұрғындар назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аудару және экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған іс-шара жыл көлемінде жалғасын табады.

Бөлісу