ТҮРКІСТАН: Төлебилік кәсіпкер 75 отбасыға қаржылай көмек көрсетті

0
985

Түркістан облысында жалпыхалықтық сипат алған "Біз біргеміз" жобасы өңірде дәстүрге айналды.


ТҮРКІСТАН: Төлебилік кәсіпкер 75 отбасыға қаржылай көмек көрсетті

Кәсіпкер Нуров Амангелді басшылық жасайтын «Бейбарс и К» ЖШС және Қуаныш Ешенқұл қоры 75 отбасыға 20 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Төлеби ауданында түрлі деңгейдегі қайырымдылық шаралары жиі ұйымдастырылып, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға көмек беріліп келеді.

Соның жалғасы ретінде "Біз біргеміз" акциясы аясында жергілікті кәсіпкер Нуров Амангелді басшылық жасайтын «Бейбарс и К» ЖШС және Қуаныш Ешенқұл қоры 75 отбасыға 20 мың теңгеден қаржылай көмек беріп отыр.

Осындай шақта ауылдастарға қолдау көрсету - азаматтық парыз екендігін жеткізді кәсіпкерлер. Әлеуметтік көмекке ие болған отбасылар да қиын-қыстау кезеңде қол ұшын созған демеушілерге ізгі тілектерін айтып, алғыстарын білдірді. Түркістан облысында жалпыхалықтық сипат алған "Біз біргеміз" жобасы өңірде дәстүрге айналып та үлгерді.