ТҮРКІСТАН: Жетісайда жалпыаудандық сенбілік өтті

0
237

Әрбір мекеме мен бөлімдерге арнайы бекітілген учаскелерде бей-берекет жатқан қоқыс орындары тазаланып, ауданның кіреберістері тазаланып, шөптерін шапты, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинады.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда жалпыаудандық сенбілік өтті

Жетісайда мерекеге орай жалпыаудандық сенбілік өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп босқа айтпаған. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтап, дені сау ұрпақ өсірумен, экологиялық таза ортада өмір сүруімен тікелей байланысты.


Осыған орай Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың тапсырмасымен қала, кент, барлық елді мекендердің тазалық жұмыстарының жандануы үшін тиісті шараларды жүргізу міндеттеліп, «30 тамыз – Конституция күні» мерекесіне орай 680 азаматтың қатысуымен жалпыаудандық сенбілік өтті.


Тазалық жұмыстарына мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері, ауданның ерікті жастары, тұрғындар белсене қатысты. Әрбір мекеме мен бөлімдерге арнайы бекітілген учаскелерде бей-берекет жатқан қоқыс орындары тазаланып, ауданның кіреберістері тазаланып, шөптерін шапты, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинады.


Кез-келген аудан, қаланың тазалық көрсеткiшi сол мекен тұрғындарының мәдени деңгейiн көрсететіндіктен тұрғындардың жақсы тұрмысы үшін бірқатар игі істер атқарылуда. Көшелер кеңейтіліп, түнгі жарықшамдар орнатылуда. Арық-атыздар мен қашыртқылар тазаланып, көшет егу жұмыстары да кезең-кезеңімен жүргізілуде. Мұның барлығы, әрине, тұрғындар үшін. Барды қадірлей отырып, туған еліне құрметпен қарап, ел-жұртын жақсы көретін азаматтарды ауданды көркейтуге, абаттандыруға, еліміздегі ең таза аймақтардың бірі болуына белсене атсалысуға жұмылдыру да үлкен маңызға ие.


Айта кетейік, тазалық акциясына 15 техника жұмылдырылып, 75 тонна қоқыс шығарылды.

Бөлісу