Бұл іс-шара Наурызнама онкүндігінің Шаңырақ күніне дөп түсті.
Түркістанда әйелдерге арналған «SEN» форумы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістанда «Харекет» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «SEN» форумы өтті. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында, қасиетті Рамазан айында өткізіліп жатқан форум отбасы құндылығына бағытталған. Бұл іс-шара Наурызнама онкүндігінің Шаңырақ күніне дөп түсті.
«SEN» әйелдер форумы – Ұлттық қайырымдылық жобасы. Аталған шара әйелдердің түрлі мәселелерін шешуге, ісін ілгерілетуге көмек беретін, жан-жақты дамуға мүмкіндік жасайтын бірегей жоба болмақ. Әйелдерден құралған форум – жас, дін, әлеуметтік жағдай талғамайды», – деген ұйымдастырушылар билеттен түскен барлық қаржы қайырымдылыққа жұмсалатынын атап өтті.
Спикерлер қатарында Дана Нұржігіт, Мөлдір Анарбаева, Рена Керимова, Жанель Мақажан, Дана Есеева, Айдана Қалдыбекқызы сынды өз салаларының кәсіби маманы бар. Кешті Жан Мұқанов жүргізді.
Жиынға әртүрлі салада еліміздің танымал, іскер әйелдері қатысушылармен өмірдегі қиындықтарымен күресуге, қайта тұрып жүруге, қуанып күлуге, кәсібі мен өзін дамытуға қатысты тәжірибе алмасып, ой бөлісті. Спикерлер отбасы берекесін, шаңырақ шаттығын сақтау жөнінде ой қозғады.
Форум соңында «Харекет» қайырымдылық қоры мұқтаж отбасыға өзінің 1113-ші баспанасын табыстады.