Түркістанда су спортты дамып келе жатыр

0
800

​Суды сақтау, тазарту бойынша АҚШ-тан арнайы алдырылған су жүйелері орнатылмақ.


Түркістанда су спортты дамып келе жатыр

Түркістан облысы орталығында бірнеше заманауи спорт кешендерінің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында спортты дамытуға ерекше көңіл бөлген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен облыс орталығында бірнеше заманауи спорт кешендерінің құрылысы жүргізілуде. Шаһарда елімізде теңдесі жоқ спорт кешендері бар ескек есу каналы пайда болды. Ескек есу жəне байдарка спорты бойынша олимпиадалық стандартқа сай орталық 100 гектар жерге жайғасқан. Осылайша Қазақстанда су спорт түрлерінің дамуына ықпал етіп қана қоймай, Түркістанда жоғары деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік туды. Жобаның мақсаты - Қазақстандағы Олимпиада ойындарының бағдарламасы бойынша академиялық есу спортының барлық түрлерін дамыту. Құрылыс-монтаж жұмыстарының барысын бақылаған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жауапты тұлғаларға тапсырма беріп, құрылысты кестеден кешіктірмей аяқтауды жүктеді.


1000 көрерменге арналған жай, сапбординг, су шаңғысы, флайбординг, вейксерфинг, канополо, драгонбот және жағажай ойындар футболы, волейбол, гандбол, теннис, регби секілді су және жағажай спортының танымал түрлерін дамытуға септігін тигізетін спорт кешенінде спорт және ойын алаңдары, аквапарк, балалар аттракциондары және тағы бас нысандар орналасады. Каналдың жалпы ұзындығы – 2222 м. Ені – 260 м, тереңдігі – 4 метр. Кешенге су жаңадан салынған «Кеңсай-Қосқорған-2» су реттегішінен келеді. Суды сақтау, тазарту бойынша АҚШ-тан арнайы алдырылған су жүйелері орнатылмақ.


Түркістан қаласында теннис орталығы да салынып жатыр. Сәуір айында құрылысы басталған орталық келер жылы ашылады. Жоба мақсаты - жоғары дәрежелі спортшыларды дайындап, теннисті дамыту. Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы олимпиадалық резерв мектебінің әкімшілік ғимараты мен жатақхананың құрылыс алаңында болды. 4 гектар жерде орналасқан кешеннің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады.