​Түркістандағы 12 ауылдық округ Кентау қаласының аумағына өтеді

0
1 114

Кентау қаласының шекарасы өзгереді.


​Түркістандағы 12 ауылдық округ Кентау қаласының аумағына өтеді

ERNUR.KZ.Түркістан қаласындағы 721745 га аумақ жер, яғни, 12 ауылдық округ Кентау қаласының аумағына өтетін болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл шешім Түркістан облысында өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХVІІІ сессиясында қабылданды. Өңір басшысы Жансейіт Түймебаев барша облыс жұртшылығын қос шаһардың дамып, өркендеуіне бір кісідей атсалысуға шақырды.

"Түркістан қаласы облыс орталығына айналуына орай, Кентау қаласының шекарасы өзгеретін болды. Мұндай шешім екі қаланың тиісті деңгейде дамуы үшін жасалып, барлық мемлекеттік органдармен мақұлданды. Сонымен бірге, халық қалаулыларының келісімі нәтижесінде қабылданып отыр. Сондықтан, облыс тұрғындарын Түркістан қаласы мен кеңейген Кентауды көркейтуге бірге атсалысуға шақырамын", - деді Ж.Түймебаев.