Түрлі этонс өкілдерінің өнер көрмесі өтті

0
2 902

Көрмеде иран- азербайжан, неміс, өзбек, ұйғыр, тәжік, түрік, орыс және қазақ ұлттарының ұлттық киімдері, ұлттық аспаптары, қолөнерлері және ұлттық тағамдары ұсынылды.


Түрлі этонс өкілдерінің өнер көрмесі өтті

«Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл бақыт ел үшін» атты түрлі этнос өкілдері арасында форум өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округінде түрлі этнос өкілдерінің ұлттық киімдері, ұлттық аспаптары, қолөнерлері және ұлттық тағамдарынан көрмесі өтті.
Көрмеде иран- азербайжан, неміс, өзбек, ұйғыр, тәжік, түрік, орыс және қазақ ұлттарының ұлттық киімдері, ұлттық аспаптары, қолөнерлері және ұлттық тағамдары ұсынылды. Көрмені тамашалау барысында этнос өкілдері қазақтың ұлттық аспабы домбырамен топтық күй орындады. Ұлттық татулықты ұран еткен жастар сахна төріне шығып құттықтауларын айтты.
Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Марат Сейтімбетов және аудан ішкі саясат бөлімінің басшысы Алдияр Қозыбаев құттықтау сөзге шығып, "Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі.Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді,-деді.
Бүгінгі өткізіліп жатқан маңызы бар іс-шара яғни «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл бақыт ел үшін» атты түрлі этнос өкілдері арасында форумның жоғары дәрежеде өтіп жатқанын тілге тиек етіп, өзге ұлт өкілдерінің талантты жастарын аудан әкімінің алғыс хатымен және сыйлықтарын табыстады. Марапаттаудан соң өзге ұлт өкілдері жастарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.