Жер аумағы – 5 гектар, мектетің көлемі 22 мың шаршы метрден асады.
Түркістан қаласында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2000 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2000 оқушыға арналған мектептің құрылысы жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аталған мектептің құрылыс барысымен танысып, мердігерлер мен жауапты басшыларға жұмысты сапалы атқаруды тапсырды.
«Жайлы мектеп» – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бақылауында тұрған жоба. Осы мектептер арқылы білім сапасын көтеру көзделіп отыр. Сондықтан білім ұясының құрылысы талапқа сай әрі жоғары деңгейде жүргізілуі тиіс. Тұрақты қадағалауда болады», – деді Дархан Сатыбалды.
Аталған жобаға тапсырыс беруші – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ, бас мердігер – «Каратас Майнинг» ЖШС. Жер аумағы – 5 гектар, мектетің көлемі 22 мың шаршы метрден асады. Алып мектепті жыл соңына қарай пайдалануға беру көзделіп отыр.
Одан кейін облыс әкімі «Turkestan-Arena» стадионына барып, алаңға жерасты жылыту жүйесін салу жұмысын көрді. Бұған дейін «Ontustik Construction» ЖШС тарапынан стадиондағы ескі футбол алаңы толық тазаланып, жаңадан алаң астындағы суағар құбыры жүргізілген. Қазіргі таңда «Turkestan-Arena» орталық стадиондағы футбол алаңына «Star-Stroi» ЖШС жерасты жылыту жүйесінің құбырларын орнату жұмыстарын аяқтады. Кіші құбырлармен коллектор арасындағы жалғау жұмыстары жүргізілді. Енді арнайы құм төселіп, жасыл желек отырғызылады.
Өңір басшысы жауапты тұлғаларға стадиондағы жасыл алаңға қатысты әрбір құрылыс жұмысын қатаң қадағалап, бақылауда ұстауды тапсырды.