Жастар жүрегі мейірімге толы

0
1 828

Жастар бос уақытында қарттардың үйіне барып, үй шаруаларына көмектесті.


Жастар жүрегі мейірімге толы

Халықаралық қарттар күніне орай «Жастар жүрегі мейірімге толы» атты іс-шара өтті. Онда қала жастары қаладағы қариялардың үйлеріне барып, үйішілік жұмыстарына қолғабыс етті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Атап айтар болсақ, Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінде белсенді оқушыларынан құралған «Ерікті жас қырандар» тобы Ұлы Отан соғысының ардагері Жәкібай Даулетбаевтың үйінде болды. Шаш-төбе ауылы, Шаш-төбе атындағы жалпы орта мектебінде құрылған «Қол қанат тобының» оқушылары Яхуда Ташметов пен Хатима Пулатбаеваның шаңырағына барын, шаруашылық жұмыстарын атқарды. Қариялардың әсерлі әңгімелері мен өсиеттерін тыңдады.
«Жастар жүрегі мейірімге толы» атты іс-шараға қаладағы және қалаға қарасты ауылдардағы барлық мектептің оқушылары белсенді түрде атсалысты.