2022 жыл: нумерологтар қандай болжам жасауда?

0
4 007


2022 жыл: нумерологтар қандай болжам жасауда?

Нумерологиялық есептеулерге сүйеніп адамдарға ғана емес, күнтізбелік жыл, ай, күндерге де сипаттама беруге, болжауға болады. Мысалы, бірер аптадан соң есігімізді қағып кірер 2022 жыл туралы айтар болсақ.

2022 жылдың сандарын сала мамандары үш түрлі бағытта жіктейді: алдымен 20 саны, сонан соң 22, ақырында 2+0+2+2 өрнегінен шығатын 6 саны.

20 санын алсақ, онда тұрақтылық энергиясы бар. Ал 22 саны мықты эмоционалдық не физикалық негіздің, тіректің қажеттігін білдіреді. Жалпы алғанда, бұл жыл өзінің денсаулығын жақсарту мен кәсіби біліктілігін арттыруға инвестиция құйғандар үшін сәтті болады дейді нумерологтар.

Ал, 2022 жылдың негізгі нумерологиялық саны – 6. Бұл сан да тұрақтылықпен, тыныштықпен, бейбітшілікпен байланысты. Алмағайып күндерге толы алдыңғы жылдарға қарағанда, бұл жыл жайлы, жұмсақ өтеді.


Махаббат пен қарым-қатынас

Жеке өмір мен отбасына қатысты өте маңызды шешімдер қабылдауға, қиын таңдаулар жасауға тура келеді. Қарым-қатынаста тұрақтылық пен беріктікке қол жеткізе алғандар ғана жаңа деңгейге көтеріледі. Әлі екінші жартысын таппағандар мен ажырасып, бақытын қайта іздеп жүргендер мойнына маңызды жауапкершілікті алуға, оны лайықты арқалауға дайын болғаны дұрыс. Іздегенін сонда ғана табады.


Мансап пен кәсіп

2022 жылдың ұраны – даму мен тұрақтылыққа ұмтылу. Сондықтан, бұрынғы қызметіңізге, кәсібіңізге, басқа да жұмыс жағдайына көңіліңіз толмай жүрсе, өзгертуден қорықпаңыз. 2022 жыл сізге біршама мүмкіндіктер ұсынады. Жіберіп алмай, кәдеңізге жаратыңыз. Әсіресе, шығармашылықпен және жеке кәсіппен айналысатын адамдарға өз ісін дамытуға, өрісін кеңейтуге жан-жақты мүмкіншілік беріледі.

Бір сөзбен айтқанда, өзіңді дамыту, ары қарай өсу үшін өте қолайлы жыл.


Денсаулық

Әлемді жайлаған пандемия дүмпуі әлі басылмағандықтан, денсаулық тақырыбы 2022 жылы да өте актуалды. Алайда адамдардың бойы үйреніп, қорқыныш сейіліп, түрлі дақпырттарға сене бермей, барлық ақпаратты сауатты қабылдайтын саналылық, иммунитет қалыптасты. Әркім аурудың алдын алу амалдарын, дертке шалдыққан жағдайда қандай әрекеттер жасау керегін де біліп, жаттығып қалды. Сондықтан, денсаулық жағынан қатты мәселе болмайды.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

2022 ЖЫЛ: қандай іспен айналыссаңыз, табысыңыз көп болады?