АСТРОЛОГИЯ: кімнен КЕҢЕС сұрап, СЫРЫҢДЫ кімге АЙТУ КЕРЕК

0
924

Сан түрлі талдау-сараптау жүргізіп, сіз үшін басты, маңызды нәрселерді анықтап, оған жетудің жоспарын да құрып береді.


АСТРОЛОГИЯ: кімнен КЕҢЕС сұрап, СЫРЫҢДЫ кімге АЙТУ КЕРЕК

Кейде өміріңде болып жатқан жағдайлармен бөлісетін жан іздейсің. Сондайда жақыным деп сыр ашқан адамың базбіреулерден көмек сұраймын деп жұртқа жария етіп жатады. Жай ғана тыңдаушы іздегенде, «тыңдаушыңыз» тоқтамай сөйлеп, «ақылшыға» айналып кетеді. Немесе жөн сілтейді-ау деп кеңес сұраған кісіңіз жарытып ешнәрсе айта алмай күмілжиді. Осындай «әттең...» дейтін жағдайлар сізде де боп тұра ма?

Ендеше, сіз сөзіңізді дұрыс адамға айтып жүрген жоқсыз. Төмендегі астрологтар болжамын мұқият оқып шығыңызшы. Содан кейін келесіде нені кімге айту керегін анық білетін боласыз.


Егер өмірге деген құштарлығыңыз өшіп, еңсеңізді енжарлық басып жүрсе, Тоқтымен сырласыңыз. Сол сәтте-ақ оталдырып, қыздырып жіберетін мотивация береді.


Егер қорған болатын, арқа сүйейтін, тым болмаса, сөзімен қолдап-қолпаштайтын жан іздесеңіз, Торпаққа барып ақтарылыңыз. Онымен сөйлескен соң өзіңізді мықты қорғаны бар жан сезініп, қорқыныштан арыласыз.


Өмірдің сіз үшін еш қызығы қалмағандай болып, ішіңіз пысып жүр ме? Ендеше, Егіздермен әңгіме-дүкен құрыңыз. Түрлі тақырыптарда сөйлесіңіз, ой бөлісіңіз. Әлемнің сіз білмейтін кереметтері мен сіз көрмеген жарқын түстері әлі көп екеніне көзіңіз жетеді.


Қайғы-мұңның құрсауында жүрсеңіз, ішіңізді біреуге ақтарып, жылап алғыңыз келсе, Шаянға барыңыз. Ол сізді тоқтатпай тыңдай алады. Көз жасыңызды сүртіп, басыңыздан сипайтын, жылы сөзбен жаныңызды емдейтін, мейіріміне бөлейтін одан артық жан таппайсыз.


Қай жерге барсаңыз да ешкім құшағын ашып қарсы алмай, қай есікті қақсаңыз да ашылмай жатыр ма? Бүкіл әлем сізге қарсы тұрғандай сезімдесіз бе? Осы күйіңізді Арыстанмен бөлісіңізші. Ол қолынан келген көмегін де, осындай жағдайларда кәдеге жарайтын кеңестерін де аямайды.


Жолыңыздан жаңылып, бағыт-бағдардан адастыңыз ба? Қай ойдың жетегінен ұстап, қай істің басын шалсам деп шатастыңыз ба? Ендеше, Бикешпен ақылдасыңыз. Бірге сан түрлі талдау-сараптау жүргізіп, сіз үшін басты әрі маңызды нәрселерді анықтап, оған жетудің жоспарын да құрып тастайсыздар.


Жаныңызға жақын адам таппай, махаббатқа мұқтаж болып, сезімге шөліркеп жүрсіз бе? «Мені ешкім жақсы көрмейді» деп жастық құшақтап жылап отырмай, Таразыға барып шер тарқатыңыз. Сол сәтте-ақ өзінің сізді дос (туыс, әріптес, көрші, т.б.) және жай ғана жақсы адам ретінде қаншалықты жақсы көретінін сезіндіре әрі сендіре алады.


Адамда «Осы мен көрмеген, білмеген нәрсе қалмады-ау. Ешқандай таңырқау, шаттану сезімін бере алмаса, мына өмір басқа несімен қызық?» деп түңілетін кездер де болады. Әрине, бұл – өтпелі кезең. Алайда, оны да бастан лайықты өткеру керек. Ол үшін сізге көмекке Сарышаян келеді. Сізге таңдай қаққызатын нәрсені оңай тауып, осы бір өтпелі кезеңді тезірек артқа тастауыңызға септігін тигізе алатынына күмәніңіз болмасын.


Ой бөлісетін, қызыққа бірге кенелетін жан таппай жүрсіз бе? Онда Мергенге барып ұсыныс тастаңыз. Ол кез келген ұсынысты қуана қабылдайды, серіктес болуға әрдайым әзір.


Өзіңізге деген сеніміңіз азайып, дәрменсіз сезініп жүрсіз бе? Бұл жағдайда айналаңыздан Тауешкі белгісінде туған таныс іздеңіз. Өзіңізді мазалаған мәселені онымен бөлісіңіз. Аз-кем әңгімеден соң-ақ өз әл-қуатыңызға, тау қопарып, тас жаратыныңызға күмәніңіз қалмайды.


Өмір қызықсыз көрініп кетсе, ештеңеге зауқыңыз болмаса, Суқұйғышпен сырласыңыз. Немесе жай ғана жанында біраз уақыт жанында жүріңізші. Сіз ойлағандай қызықсыз емес екеніне көзіңіз жетіп, өмір сүруге құштарлығыңыз қайта маздайды.

Ұйқысыздың меңдеп алды ма? Түрлі ойлар мазалап, түн баласы дөңбекшіп шығасыз ба? Онда Балықтармен біраз уақытыңызды бірге өткізіңіз. Оның тыныштық пен үйлесім орнаған мамыражай тіршілігі жаныңызды жайландырып, ойыңызды тынықтырады. Қайтадан жас балаша қалың ұйқы құшағына алаңсыз енетін боласыз.

Аударған: А. Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Осы мінезіңіз сізге барлық уақытта КЕСІРІН тигізеді