Сізді БАҚЫТҚА БӨЛЕЙТІН не? Білсеңіз, таңғаласыз

0
7 588

Шексіз бақыт сыйлауға болмашы заттың, қысқа ғана сәттің өзі жеткілікті.


Сізді БАҚЫТҚА БӨЛЕЙТІН не? Білсеңіз, таңғаласыз

Адам жаны – жұмбақ. Кейде өзін бақытты сезіну үшін биік жетістік, көп ақша, басқа да үлкен себептер қажет емес. Шексіз бақыт сыйлауға болмашы заттың, қысқа ғана сәттің өзі жеткілікті. Тек, әр адамның өмірге құштарлығын арттыратын ұсақ-түйектер әркімде әртүрлі болып келеді. Қайсысы екенін дөп тану үшін жұлдызнамасын білу қажет.


ТОҚТЫ

Қызарып батқан күнді, өсіп тұрған күнбағысты көрген сәтте көңілін қуаныш кернейді. Бөлмеге терезеден түскен күн сәулесі бойын ғана емес, жанын да жылытады. Сонымен қатар, апельсин қабығынан аңқыған жұпар иісті құмарлана жұтады. Міне, осындай ұсақ-түйектер Тоқтылардың өмірге құштарлығын, шүкіршілігін арттыра түседі.


ТОРПАҚ

Балғын, жұп-жұмсақ жасыл шөпті көрсе, жас балаша жата қалып, аунап-қунап ойнағысы келеді. Беде өсімдігі кезіксе, бір иіскемей кетпейді. Алқызыл түсті зат көрсе, алғысы келіп, қол жеткізбей қоймайды. Ағаштар арасынан сығалаған күн сәулесін, сондай-ақ, шоколад пен жалбыз қосындысын жақсы көреді. Осының бәрі Торпақтарды бір мезеттік бақытқа бөлейді.


ЕГІЗДЕР

Ескі кітаптың иісі, қараңғы бөлмедегі балауыздың әлсіз жарығы және иісі аңқыған балғын лимонад – Егіздердің есін кетіретін дүниелер. Асфальтқа бормен салынған суретті, резеңке үйрек ойыншықтарын, гүлге қонған араны көргенде балаша қуанады. Белгі иелеріне қиындықтың бәрін ұмыттырып, шаттыққа бөлеу үшін осылар жеткілікті.


ШАЯН

Оларға тәтті дәмі бар мен жылтыраған бейнесі бардың бәрі ұнайды. Әсіресе, әсел, қант қосылған пісірмелер, асыл тастар және жібек маталары. Ашық-жарқын түстілер де тыс қалмайды. Сондай-ақ, жаңа піскен нанның қытырлаған жиектері, ванильді балмұздақ пен лаванда иістінің барлығы ләззатқа бөлейді.


АРЫСТАН
Күннің жер бетіне алтын шапақтарын шашып жаңа атқан сәтін, түнгі алауды, түрлі түске боялған күзгі жапырақтарды айрықша жақсы көреді. Сонымен қатар, глиттер, конфетти секілді қызылды-жасылды түске боялған, жарқырауық ұсақ-түйек бөлшектер де бақыттың дәмін татуына бір себеп.


БИКЕШ

Алоэ мен бөртегүл өсімдіктері, салқын шай, түнгі аспан жайлы ойлаудың өзі белгі иелеріне жақсы сезім сыйлайды. Қызыл ағашты, винтажды кофе шыныаяқтарын қолмен ұстағанды, гүлдердің хош иісі аңқитын жақпамайлар жағынғанды жақсы көреді. Осыған қарап Бикештерге де бақыт сыйлау соншалықты қиын еместігін аңғарасың.


ТАРАЗЫ

Жібектен тігілген пижама, ашық түсті джинсы және алқызыл түсті кеудешелер кигенде өзін ерекше бақытты сезінеді. Қолына бір шыныаяқ шай ұстатып, алдына ақ қағаз бен қаламсап қойсаңыз болғаны. Дәмді шайдан ұрттай отырып бар ойын қағазға түсіру сәтінде өміріне шексіз ризашылығы оянады.


САРЫШАЯН

Күн күркіреуі алдындағы күлгін түсті бұлтты аспан, неон шамдары орнатылған маңдайша, жауыннан соңғы сулы асфальт, түнгі аспандағы жымыңдаған жұлдыздар, логотип басылған футболка... Өте ерекше, қызық таңдау, әйтсе де, Сарышаяндарға айрықша сезім сыйлайтын дүниелер – осылар. Аталғандардың біріне қышқыл дәмді мармелад қосса, дәл сол сәтте әлемде Сарышаяннан асқан бақытты жан болмас еді.

МЕРГЕН

Мергендерді бақытты ететін ұсақ-түйектер – мүкжидек шырыны, піскен шие, мысық бейнесі бар жапсырмалар, торкөз принтті жейде. Осы заттардың кез келгенін және көкжиекке батқан күннің соңғы шапақтарын көргенде жүрегін қуаныш кернейді.


ТАУЕШКІ

Тауешкі белгісін қуантқыңыз келе ме? Ендеше оған бадам ирисі қосылған, сүт қатылған кофе ұсыныңыз. Қолына ескі кітап ұстатып, үстіне жылы жапқыш жабыңыз. Осының бәрі ағаш отырғыш үстінде іске асса, тіптен керемет! Осындай жайлы жағдай жасау арқылы белгі иесіне шексіз бақыт сыйлауға болады.


СУҚҰЙҒЫШ

Аспанда қалықтаған ақша бұлтты, тұп-тұнық сулы айдынды, түн қараңғылығына әлсіз болса да сәуле берген монитор жарығын айрықша ұнатады. Сондай-ақ, үйде жалғыз қалғанды жақсы көреді. Ондай кездерде жидекті сусынды жұта отырып сүйікті мультфильмін қарап, азғана сәтті мейлінше жақсы өткізгісі келеді.


БАЛЫҚТАР

Түрлі түстегі әрі сан алуан пішіндегі құмыралар жинағанды жақсы көреді. Коллекциясына жаңадан қосылған әрбір құмыра шексіз қуанышқа бөлейді. Бұл ғана емес, Балықтарға бақыт дәмін сездіретіндер қатарында қыр гүлдері, тасты басқан мүк, батқан күннің су бетіндегі көрінісі, бұлауға арналған жарылғыш көпіршіктер және табиғи асыл тастар орнатылған әшекейлер бар.

Міне, жұлдыз белгілерін бақытқа бөлейтін ұсақ-түйектерді білдіңіз. Енді жақындарыңызды, сүйіктіңізді, досыңызды қуантып, бақытты сәт сыйлау сізге оңай.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Сиыр жылында ОСЫ түс СӘТТІЛІК әкеледі