Бойыңызда қандай ТАЛАНТ бар?

0
2 799


Бойыңызда қандай ТАЛАНТ бар?

Асылында, Алла әр адамға талант береді. Тек соның көзін ашып, дамыта білсе ғана өмірлік кәсіпке, табысқа айналдыра алады. Ал, ашылмаса, өзге түгіл өзіңізге беймәлім күйде қала бермек.

Өзіңіздің қай қырыңыздан елден озық талантты екеніңізді білгіңіз келе ме? Оған еш кедергі жоқ. Туған күніңізді есептеу арқылы нумерологиялық саныңызды анықтасаңыз болғаны.


Формуласы да қарапайым: туған күн + ай + жыл.

Мәселен, 05.09.1980 жылы дүниеге келген болса:

0+5+0+9+1+9+8+0=32 3+2=5

Яғни, туған күнге сәйкес нумерологиялық саны – 5.


Өз саныңызды есептеп болсаңыз, соған сәйкес сипаттаманы оқып шығыңыз.


1 – КӨШБАСШЫЛЫҚ

Сіз өзіне сенімді, тәуелсіз, жауапкершілігі мол, өз дегенінен қайтпайтын қайсар тұлғасыз. Өзгелерді сөзіне сендіре алатын, ешкімді күштеместен соңыңыздан ерте алатын қасиетіңіз бар. Біреудің көзінен от көрсеңіз, жағу, бойынан күш көрсеңіз, дұрыс бағытта қолдану қолыңыздан келеді. Үздіксіз келіп жататын ой ағыны ішінен ең құнды да сөлдісін ұстап алып, оны жүзеге асырудың шеберісіз. Осының бәрін жинақтай келгенде айтарымыз, Сіздің бойыңыздағы ең күшті талант – көшбасшылық. Мұны басқалар да байқайды, содан да сенім артып, соңыңыздан ереді.


2 - ДИПЛОМАТТЫҚ

Кез келген адаммен оңай тіл табысасыз. Қай сала маманымен болсын тізе қоса еңбек етсеңіз, сәтті аяқтайсыз. Қандай қиын жағдай болмасын, бейімделгіштік және иілгіштік қасиеттеріңіздің арқасында оңай еңсересіз. Адамдарды басқару, қандай да бір әрекетке итермелеу, манипуляция қолыңыздан мықтап келеді. Соған қарамастан, сізге көпшілік сенім артады, барлық жағдайда қолдау білдіруге дайын кісілер қатары көп. Осындай дипломаттық қабілетпен елші, психолог немесе қорғаушы қызметтерінде мансап биігіне шыға аласыз.


3 - АКТЕРЛІК ШЕБЕРЛІК

Оптимизм және қиялшылдық қасиеттеріңіз басым. Ойыңызды сөзбен болсын, қимыл-әрекетпен болсын анық жеткізу сізге оңай. Адамдар сіз сөйлегенде не қандай да бір әрекет жасағанда шын-өтірігін ажырата алмай жатады. Себебі, шынайы актерлік шеберлік иесісіз, кез келген рөлге оңай еніп кете аласыз.


4 - ІСКЕРЛІК

Іскерлік, зейінділік – бұл да адам баласына берілетін таланттың бір түрі. Қаншама кісілер осы қабілеттің әлсіздігінен қалауына қол жеткізе алмай жүр. Ал сіз ұсақ-түйекке дейін есте сақтай аласыз, нақты қадамдардан тұратын анық та айқын жоспар құрып, оны жүзеге асыру да қолыңыздан келеді. Қаржыға қатысты мәселелер көп туындамайды, өйткені, қаражатты қалай басқару керегін жақсы білесіз. Осы қабілеттердің арқасында кәсіпкер не архитектор боламын десеңіз, ең атақтыларының бірі боласыз.


5 – БІЛМЕККЕ ҚҰМАРЛЫҚ

Білуге құмарлық және қызығушылық – адамды тек алға жетелейтін үлкен күш. Бойыңызда осы күш бүлкілдеп , қуатыңыз қайнап-тасып тұрғанда басқадай таланттың да еш керегі жоқ. Кез келген салада тасты жарып, тауды тесіп шығуға болады. Сізді жетелеген сұрақтар мен жұмбақтардың жауабын табудан жалықпаңыз. Түбі осы қабілет ғұлама ғалым, ұлағатты ұстаз не археолог болуға жеткізеді.


6 – АДАЛДЫҚ

Адалдық та қазіргі кезде көп адамға жетіспейтін талант. Өзіңнің ғана емес, өзгенің де алдындағы жауапкершілігіңді, борышыңды терең сезіну және соны лайықты арқалауға, атқаруға тырысу – талант емей не? Қашан да өзгеге көмек беруге күш салу, мұқтажға қол ұшын созуға даяр болу екінің бірінің қолынан келе бермейтін еңбек. Мұндай талант иелерінен керемет дәрігер, мұғалім, психолог, тәрбиеші мамандар шығады.


7 – ДАНАЛЫҚ

«Жетіліктердің» ойлау қабілеті, интеллектуалды және шығармашылық таланты жақсы қалыптасқан. Оларға өзінің әрбір ойын өзгелерге ашық білдіру, жеткізу ұнайды. Тіпті, күнделікті келіп-кетіп жатқан ой ағынының бәрін қағазға түсіріп, келешек ұрпаққа кітап етіп қалдырып кетуді армандайды. Онысы бекер де емес. Көбіне, мұндай талант иелерінің қағазға түскен ойы өзгелердің санасына сәуле түсірерлік ақыл-кеңес болып келеді.


8 – БІЛЕК ПЕН ЖҮРЕК КҮШІ

Оларға табиғаттан мықты ерік-жігер мен асып-тасқан физикалық күш берілген. Соның арқасында кез келген істі оңай иіріп әкетеді. Қандай қиындық болмасын, лайықты көтере біледі. Биікті бағындыру жолында ештеңеден қорықпай, тек алға қадам басады. Мұндай кісілерді барлық салада жетістік пен жеңіс күтіп тұр. Әсіресе, спортпен айналысса, талайдың таңдайын қақтырып, тек жеңімпаздар қатарынан табылады.


9 – ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

Идеалға сену мен жақсылықтан үмітті үзбеу – «тоғыздықтарды» алға жетелейтін күш осы. Олардың шығармашылық саласында біраз нәрсеге шамасы жетеді. Адам айтқысыз айрықша идеяларын музыка, көркемсөз, би, сурет не актерлік шеберлік арқылы жүзеге асыра алады.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


Сіз ШОПОГОЛИКсіз бе?