​Дәл қазір ОСЫНЫ өзгертсеңіз, ӨМІРіңіз де өзгереді

0
1 962

Себебі, кез келген күні «ертеңгі күн» болмай қалуы мүмкін


​Дәл қазір ОСЫНЫ өзгертсеңіз, ӨМІРіңіз де өзгереді

ТОҚТЫ

Қанша тырысқанмен, өмір бойы бәрін өз бақылауыңызда ұстау мүкін емесін мойындаңыз. Жағдайды уыстан жіберіп, бойыңызды бос ұстап, тағдырдың тосынсыйларын қабыл алуға дайындалыңыз. Басқаларды да бақылауға алып, олар үшін шешім шығаруды доғарыңыз. Сонда өз бойыңызда да, өміріңізде де көп жеңілдік пайда болады.


ТОРПАҚ

Эмоцияларыңызды жасырып, сырт көзге сыр бермеуге тырысу – жаңсақ әрекет. Өмір бойы бетперде киіп жүру, шынайы әсеріңді, сезіміңді жұртан жасыру шаршатады. Әйтеуір бір күні шыдай алмай, жарыларыңыз хақ. Одан да бүгіннен бастап бойыңызды қандай сезім билеп тұр, сонымен бөлісе бастаңыз. Бірдеңе ұнамаса, айтыңыз, өзгертіңіз. Қүлкі қысса, күліп, көзге жас келсе, жылап, ішіңізді ашу кернесе, айқайлап алыңыз.


ЕГІЗДЕР

Өзіңізге қамқор болуды, өміріңізді жақсы жаққа өзгертуді, өзіңіз үшін ең сапалысын таңдауды кейінге қалдырмаңыз. Бәрін бүгіннен бастаңыз. Ол үшін күресу керек болса, күресіңіз. Себебі, кез келген күні «ертеңгі күн» болмай қалуы мүмкін.


ШАЯН

Сізге есею керек. Өмірге байсалды көзбен қарап, мәсеелерден қашпай, қарсы алуды үйреніңіз. Өзіңіз үшін, сөздеріңіз бен әрекет, шешімдеріңіз үшін жауапкершілік алуды бастаңыз. Өзгелер сізді қалай сыйлағанын қаласаңыз, сіз де оларға сондай құрмет көрсетіңіз. Осы өзгерістерді орната алсаңыз, өміріңіз де күрт өзгереді. Әлбетте, жақсы жаққа қарай.


АРЫСТАН

Қызуқандылықпен, аяқ асты келген ойлар жетегінде шешім қабылдаудан тыйылу керек. Өйткені, көбінде мұндай шешімдердің соңы өкінішке апарады. Тез шешім қабылдау жақсы қасиет болғанымен, кейде аз аялдап, әліптің артын баққан да артық болмайды. Кей мәселелердің күрмеуі сіздің араласуыңызсыз, аз күтсеңіз өзінен-өзі шешіліп жатады.


БИКЕШ

Әрқашан бәрі сіз ойлағандай болуын не мінсіз болуын күтесіз. Ең жақсыға ұмтылғанның айыбы жоқ. Әйткенмен, өмірге шынайы қарауды да ұмытпау керек. Сіздің ойыңыздағыдай болмаса, ол үшін көңіліңізді түсірмеуді, мінсіз емес күйінде қабылдауды үйренген артық болмайды.

ТАРАЗЫ

Өзіңізді тыңдауды үйреніңіз. Ішкі әлеміңізде сізге керек, пайдалы, құнды мәлімет өте көп. Олардан хабарыңыз болса, өзіңізді жақсырақ танисыз. Қалауыңызды, арман-мақсатыңызды жақсырақ білесіз. Мұны білгеннен кейін өзіңізде де, өміріңізде де бастан-аяқ өзгерістер міндетті түрде болады.


САРЫШАЯН

Адамдарға, жақсылыққа сенуден қорқасыз. «Сатқындық жасп кетуі мүмкін», «Мен күткендей болмай қалар, бәлкім» деген сынды үрейлермен өмір сүресіз. Осындай сенімсіздік ададмармен жақын араласуға, достар табуға, жақындарыңызбен жақсы қарым-қатынас құруға әрқашан кедергі. Сенімсіздіктен, күдік-күмәндардан арылыңыз. Адамдарға ашылыңыз. Сонда ғана сізге жақсы әсер сыйлайтын дос, сезімдеріңіз ұштасатын екінші жартыңыз, басқа да өміріңізге пайдасы тиетін жақсы адамдар жолығады.


МЕРГЕН

Сіздің басты жауыңыз – өзіңізге деген сенімсіздік және шектен тыс көп ойлану. Осы екі нәрсе қалауыңызды, жоспарыңызды іске асыруға кедергі. Өзіңіз бір идеяны ойлап табасыз. Сосын оны жамасауға мың сылтауды да ойлап табатын – сізден басқа ешкім емес. Өзіңізге өзіңіз кедергі болуды доғарыңыз.


ТАУЕШКІ

Мәселелердің шешімін, ойға алған істерді, жоспарды ауаға іліп қою – өзгерту керек бір әдетіңіз осы. «Жеті рет өлшеймін» деп қанша күніңізді сарп етесіз. «Бір рет кесуге» жүрексініп, айлап-жылдап жүре беруге барсыз. Қате шешім қабылдаудан емес, ойланып жүріп өміріңізді құр босқа өткізіп алудан қорқыңыз. Кішкене тәуекелшіл болуды үйреніңіз.


СУҚҰЙҒЫШ

Өмір – өзен, уақыт – су, сырғып ағып жатыр. Ештеңе де мәңгілік емес. Қозғалыс, өзгеріс – өмірдің бұлжымас заңы. Осыны мойындаңыз, қабылдаңыз. Өткенді қимай жүре бергенше, бүгінгі жаңалықтармен танысыңыз. Қабылдаңыз, қолданыңыз. Бүгінгі күнмен өмір сүріңіз.


БАЛЫҚТАР

Сізге кішкене тежегішті басып тұру керек. «Тек алға!» деп аттандай бермей, бір мегзіл тоқтап, айналаға бажайлай қарап, бағамдауға уақыт бөліңіз. «Дұрыс жолда келе жатырмын ба?», «Менің қалауым расында осы ма?» деген сынды сұрақтарға жиі жауап іздеп отырсаңыз, жолдан жаңылмайсыз.

Аударған: А. Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Осы БІР АУЫЗ СӨЗДІ айтсаңыз, ЖҮРЕГІН ЖАУЛАП АЛАСЫЗ