​Досыңыз туралы не білесіз? Астролог сіз білмеген нәрсені айтады

0
5 079

Достықтарыңыз бекем бе?


​Досыңыз туралы не білесіз? Астролог сіз білмеген нәрсені айтады

Сіз достың қандай түрлерін білесіз немесе достарыңыз туралы не айта аласыз? Жан дос, шын дос, адал дос, амал дос... Бары осы ма? Ендеше, достарыңызды жақсы танымайсыз деген сөз. Астрологтар әр белгі иесінің қандай дос болатынын дәл айтып береді. Білу үшін жұлдызбелгісіне қарасаңыз болғаны.


ТОҚТЫ – сізді әрқашан қорғайтын, өзіңіз жоқ жерде сырттай болса да абыройыңызды қызғыштай қоритын қорған дос. Сіз туралы ешкімнің жаман айтуына жол бермейді.

ТОРПАҚ – кез келген уақытта сенім артуға болатын, қай кезде болмасын көмек қолын созуға дайын дос. Немесе жай ғана сағынып шақырғанда жаныңыздан бірден табылатын, жалғызсыратпайтын дос.

ЕГІЗДЕР – ойыңызға келген кез келген ессіздікті сізбен бірге жасауға жүрексінбейтін, барлық уақытта қолдауға дайын, жарты жолдан тастап кетпейтін дос.

ШАЯН – өте қамқор дос. Ол қандай да бір ескерту, ақыл-кеңес айтса, міндетті түрде құлақ асыңыз. Өйткені, асқан жанашырлықпен, шынайы қамқорлықпен айтады.

АРЫСТАН – барлық ортада елдің назарын өзіне аударып алатын, алайда сізді өз назарынан тыс қалдырмайтын дос. Жағдайыңызды сұрап, жайыңызды жасауды ұмытпайды.

БИКЕШ – қателік жасауға жол бермейтін дана дос.

ТАРАЗЫ – өте көпшіл, соның арқасында жаңа адамдармен таныстырып, араласатын ортаңызды кеңейтуге, жанашыр жақындарыңызды көбейтуге үлкен үлесін қосатын дос.

САРЫШАЯН – құпияңызды ешкімге ашпай, сырыңызды шашпай, өзімен бірге көрге алып кететін дос. Айланаңыздағы адамдардың қайсысы шынайы, қайсысы бетперде киіп жргенін де өзіңізден бұрын біліп қояды.

МЕРГЕН – ешқашан іш пыстырмайтын дос. Онымен бірге жүрген уақыт қызықты да мәнді, естен кетпес оқиғаларға толы болады.

ТАУЕШКІ – міндетті түрде жетістікке жететін және сол биік белестеріне сізді де жетелей жүретін дос.

СУҚҰЙҒЫШ – кейде түсіну қиын, біртүрлі дос. Үнемі қажетсіз не пайдасыз кеңес береді. Сөйте тұра, араларыңыз ажырамайды.

БАЛЫҚТАР – сізді бес саусағындай білетін, өзіңізден де жақсы танитын дос. Олардан ештеңе жасыру мүмкін емес.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ЖҮРЕГІҢІЗ қандай екенін білсеңіз, ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСУ оңай болады