Қандай сандар сәттілік шақырады?

0
6 010


Қандай сандар сәттілік шақырады?

Қазақ халқы үшін қасиетті санаған 3, 7, 40 сынды сандар қатары бар. Біреу сенер, біреу сенбес. Дегенмен осы бір нанымның ғасырлар бойғы уақыт тезінен өтіп, бүгінгі күнге жеткеніне қарағанда, расында тылсым күші болғаны ғой.

Қазақ нанымын былай қойғанда, аспан денелері ғылымының санақшылары да белгілі бір сандардың сәттілік шақыратынын айтады.


Нөл

Астрологтардың айтуынша, нөл біз ойлағандай бос орын емес. Әлемнің бастамасы, циклі және шексіз әлеуеті деп бағамдайды. Егер сіз үш нөлді жиі көрсеңіз, мұқият болыңыз, сізді үлкен сәттілік күтіп тұр. Сонымен қатар бұл нағыз рухани ояну және шынайы ағартушылық сәтінің белгісі болуы да мүмкін.


Сегіз

Астрологтар сегіздің сәттілік шақырудағы әлеуеті нөлмен бірдей деп санайды. Оның шексіздік белгісіне ұқсайтыны да бекершілік емес дейді. Астрологтар ғана емес, көптеген мәдениеттер сегіз санын байлық, молшылық және қаржылық табыспен байланыстырады.


Үш

Үш саны молшылық пен сәттілік планетасы Юпитермен тығыз байланысты. Оның сиқырлы болуының тағы бір себебі бар дейді астрологтар. Біз триадаларға толы әлемде өмір сүріп жатырмыз - мысалы, бізде өткен, бүгін және болашақ бар, ал ғарышта үш өлшем бар. Сондықтан мамандар сәттілік серігіңіз болғанын қаласаңыз, 33, 333 сандарын қолдануға кеңес береді. Бұл адамға өзіне және оның қабілеттеріне сенімділік береді, мақсаттарына жетуге көмектеседі.


Бес

Бес саны көптеген ғасырлар бойы әртүрлі мәдениеттерде сәттілікті бейнелейді. Ғаламның бес элементтен - жер, су, от, металл және ағаштан тұратыны, Ежелгі қытай философиясында үйлесімділік бейнесіне айналған бес бұрышты жұлдыз оған қосымша күш-қуат үстей түседі.


Алты

Астрологияда алты саны махаббат пен сұлулық планетасы Венерамен байланысты. Сондықтан ол қарым-қатынасқа, романтикаға және некеге қатысты сәттілік әкелетін беделге ие. Алтылықпен күшті байланыс сезінетін адамдар мықты одақ құра алады және махаббатта әрқашан сәттілікке ие болады деп саналады.

Аударған: А. Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Сізге МҰНЫ жасауға мүлде БОЛМАЙДЫ!