Кімдермен жұлдызыңыз жараспайды?

0
1 064

Астрологтар қандай адамдардан аулақ жүру керегін айтады


Кімдермен жұлдызыңыз жараспайды?

ТОҚТЫ

Бұл белгіде туғандар баяу қимылдайтын, сылбыр адамдарды суқаны сүймейді. Сонымен қатар, сезімге берілгіш, ақылдың емес, жүректің жетегінде жүретіндерді де жаратпайды. Өзге белгі иелерінің арасында Балықтар тап осындай болғандықтан, көбіне солармен сөзі жараспай жатады.


ТОРПАҚ

Жалпы алғанда, Торпақтарда адам алалау, бөліп-жару деген жоқ. Біреуді ұнатпау, сөзі жараспау, жұлдызы қарсы болуы үшін өте салмақты себеп болуға тиіс. Көп жағдайда ол себеп – парықсыздық, бейжайлық, енжарлық болып келеді.


ЕГІЗДЕР

Жұлдыздары қарсы болса да, ешкіммен дауласып-жауласып жатпайды. Тек өзіне қызықсыз, іш пыстырарлық деп санайтын адамдардан бірден алыстайды. Көбінесе бұл қатарға Тауешкі белгісіндегілер кіріп кетеді.


ШАЯН

Адамдардың жақсы жағын көруге тырысатындықтан, көп ешкіммен жұлдызы қарсы бола бермейді. Тек өзін тым жоғары санайтын, өзімшіл жандарды жақтырмайды, олармен сөзі жараспайды. Белгі иелерінің арасында Арыстандар мен Сарышаяндарда осындай мінез байқалады.


АРЫСТАН

Өзінен асып түскендерді жақтырмай кететін әдеті бар. Кімде-кім болмасын, бір кездері қаншалықты жақын болса да, Арыстанның алдына түсіп кеткен күннен бастап жұлдызы қарсы жауына айналу қаупі бар.


БИКЕШ

Олардың ең жаратпайтыны – мансапқұмарлық пен екіжүзділік. Бойынан осы жаман қасиетті байқаған адамдармен және өзін басқаша етіп көрсеткісі келетін, бір бармағын ішіне бүгіп қалатындармен ойы да, жолы да мүлде жараспайды.


ТАРАЗЫ

Таразылар бәрін тең көруге тырысады. Адамдарды барлық оң-терісімен бірге қабылдай біледі, шартсыз жақсы көреді. Тек өзінің кей әрекеттерін сынға алғандарға, сыртынан сөз еткендерге бірден суып кететіні бар. Бұл бірте-бірте жеккөрушілікке айналуы да ғажап емес.


САРЫШАЯН

Неге екені белгісіз, белгі иелеріне Мергендермен сөйлесу, жақын араласу қиынға соғады. Көп адаммен жұлдызының жараса кетуіне Сарышаянның бойындағы қызғаншақтық, өзіне меншіктеп алушылық қасиеттері де кедергі.


МЕРГЕН

Сарышаяндардың өзін өзгелерден жоғары санайтынын, түсініксіз мінезі мен біртүрлі қылықтарын еш қабылдай алмайды. Балықтар туралы да «өзін шектен тыс жақсы көреді» деген пікірде. Осы себептермен көп жағдайда аталған белгі иелерімен жұлдызы жараспай жатады.


ТАУЕШКІ

Олар Егіздермен еш түсінісе алмайды. Егіздердің өмірге жеңіл қарайтыны, өмір салты, басқа да құндылықтары Тауешкінікімен мүлде сәйкес келмейді. Кейде оның іс-әрекеттерін ой елегінен өткізіп, бағамдаудың өзі Тауешкіге ауыр соғып, түсіндіретін жауап таппай, тығырыққа тіреледі.


СУҚҰЙҒЫШ

Шын мәнісінде оларға көп адаммен түсінісу, жараса кету қиынға соғады. Әйткенмен, оны барынша жасырып бағады. Жақтырмағанын білдірмегендіктен, Суқұйғыштың жауы да, жұлдызы жараспайтын адамы да жоқтың қасы.


БАЛЫҚТАР

Балықтарға Суқұйғыштармен тіл табысу қиынға соғады. Олардың жұлдызының жарасуына Суқұйғыштың бірбеткейлігі, ымыраға келмейтін қырсықтығы кедергі.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ТАБЫСЫҢДЫ екі есе КӨБЕЙТКІҢ келсе...