ТОҚТЫ – кезекте тұрғанды, кешіккенді және кешігетін адамдарды, шешім қабылдауға батылсыздықты, жалтақтауды суқаны сүймейді.
ТОРПАҚ – ешкімге, ештеңеге қарамастан тек бірінші болуға талпынатындарды, бетін қайтарғандарды, у-шуға толы жерлер мен дау-дамайға жақын адамдарды мүлде жақтырмайды.
ЕГІЗДЕР – уақытты босқа өлтіргенді, іші пысқанын және іш пыстырарлық адаммен уақыт өткізгенді, жан-жақтан, жағдайлардан хабарсыз қалғанды ұнатпайды.
ШАЯН – ауыр сөздерді, аяқ астынан шешім қабылдау мен тосыннан әрекет еткенді, үйдің ретсіз, шашылып жатқанын құптамайды.
АРЫСТАН – өзін бағаламайтындарды, суық ауа райын, бір орыннан қозғалмауды жақсы көрмейді.
БИКЕШ – оның заттарына тиіскенді, орынсыз батылдық пен арсыздықты, бір орында ұзақ тұрып қалғанды суқаны сүймейді.
ТАРАЗЫ – жаман мінез-қылықтан, жалғыздықтан және гармониясын бұзатын адамдар мен жағдайлардан барынша аулақ жүреді.
САРЫШАЯН – шындықты көтере алмайтын, ақиқатты бетіне айтқаны үшін ренжитін адамдарды, екіжүзділерді, сыр сақтай алмайтындарды, көп сөйлейтіндерді маңына жуытпайды.
МЕРГЕН – үнемі күмәнмен қарап, қайта-қайта ант-су ішуді сұрайтындарды, тым сезімталдар мен дүниеқұмарларды, өз қатесін мойындай алмайтын шектен тыс бірбеткейлердісуқаны сүймейді.
ТАУЕШКІ – бәріне негативпен қарайтын пессимистер мен сыншылдармен, мақтансүйгіштермен, өтірік пен өсек айтатындармен, өзін тым ақылдымын деп санайтындармен сөзі мүлде жараспайды.
СУҚҰЙҒЫШ – мақтаншақтар мен өз пікірін тықпалағыштарды, шыдамсыз және басқаларды сыйлай білмейтіндерді, дәл өзі сияқты шын дос бола алмайтындарды, стереотипті ойға байланғандарды ұнатпайды.
БАЛЫҚТАР – «есей, шынайы өмір сен ойлағандай емес» деп жиі ескертетіндерді, оның арман-қиялын құнсыздандырып, келеке ететіндерді, бәрін бақылауда ұстағысы келетін суық сана иелерін аса жақтыра бермейді.
Аударған: А. Мейірханқызы,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: