Күйеуіңіздің аты қай әріптен басталады? Ол сіздің өміріңізге әсер етеді

0
3 717

Кез келген адам балаға ат қоярда оны «өзі таңдап тұрмын» деп ойлайды. Асылында, оның аузына осы атты әлемді билейтін тылсым күштер салып тұр десек, сенесіз бе?


Күйеуіңіздің аты қай әріптен басталады? Ол сіздің өміріңізге әсер етеді


Егер олай болмаса, ықылым заманнан басталған кісі атына қатысты болжамдар бүгінгі күнге жетпес еді. Адамдар оған әлдеқашан «бос сандырақ» деп қолын бір сілтер еді. Алайда, адамның есімі жайдан-жай атау емес, оның тағдырына әсер ететін бір фактор екені ғылыми дәлелденбесе де, өмір көрген, тәжірибелі, көреген кісілер жиі айтатын тұжырым.


Қызығы, ер адамның толық есімі былай трсын бірінші әрпінің өзі өзінің ғана емес, жақындарының да өміріне әсерін тигізетін көрінеді.


А, Ә – тұла бойы жұмбаққа, тосынсыйларға толып тұрған жан. Олардан бәрін күтуге болады. Әсіресе, еркектік намысына тиісу – отпен ойнағанмен тең. Сондықтан есімі «А» әрпінен басталатын ер-азаматқа абайлап сөйлеңіз.


Б – олар үшін жақын адамдарының өзі жайлы ойы, пікірі маңызды. «Б»-ның жұбайы болсаңыз, сезіміңізді сөзбен жиі жеткізіп, ізін ала іспен дәлелдеп отыруыңыз керек. Сонда ғана сізге де жан-дүниесін, жүрек құлпын ашады.


Г, Ғ – есімі осы әріптен басталатын жігіттер отбасын мейлінше кешірек құрғаны жөн. Өйткені, өзге адамдар үшін жауапкершілік алу, қамқор, қорған болу инстинкті, әкелік сезімдері кешірек оянады.


Д – олардың мінезі оңай емес, әсіресе «суықтығына» шыдауға тура келеді. Ол сізге ықыласын білдірмейді, сыйлық бермейді, жылы сөз айтпайды, т.с.с. Осының бәріне кешіріммен қарап, одан ештеңе сұрамауыңыз қажет. Әйтпесе жақсы қарым-қатынасты құртып аласыздар.


Е – көп жағдайда отбасына адалдықты сақтау олар үшін қиын немесе мұны маңызды деп санамайды. Осыған көз жұма қарай алатындар қасында қалады, кешіре алмағандармен қоштаса салады.


Ж – алдына мақсат қоя білетін, соған ұмтылудан шаршамайтын, жетпей тынбайтын мықты тұлға. Өзінен қалып қоймай, ілесе алатын мықтылармен ғана істес болады. Отбасын құруды да өмірлік жоба, ал болашақ жарын серіктес секілді көреді.


З – махаббатқа аса тұрақты емес. Сөйте тұра, сүйіктісіне қояр талабы көп, қазымыр, тырнақ астынан кір іздейді. Ессіз сүйген, сезімнің күшімен кемшіліктерін көрмейтін адам ғана өмірлік жары бола алады.


И – эмоцияға берілгіш, сезімтал. Алайда, жеке өмірде осы қасиеттері көп қателіктерге ұрындырып жатады. Мысалы, бүгін біреуге сезімі ашылса, сәл күннен соң-ақ сөніп, басқа біреуге қарай бағыт алуы мүмкін...


К, Қ – өзінің таңдауына әрдайым берік емес. Соның салдарынан «өмірлік серігімді дұрыс таңдадым ба?» деген күмәнді сұрақ санасында жиі оянады. Кез келген бірінші кедергіде басын алып қашуға, арақатынасты үзе салуға дайын тұрады.


Л – ішкі әлемі жұмбаққа, құпияға және қызыққа толы жан. Бірақ өмірде болуы мүмкін сәтсіздіктерге төзімді емес. Көбіне сынып қалады. Әсіресе жеке өмірінде жайсыздыққа тап болса, бүкіл әлемнен баз кешеді.

М – мойнына жауапкершілік алғысы келмейді, сын, сөз көтере алмайды. Сөйте тұра, жақсы көретін, сыйлайтын адамдары үшін жанын беруге дайын.


Н – олардың көңілін тауып, татулықта өмір сүру үшін ашық қақтығысқа келмеу керек. Шабуылдаумен, дөрекі сөздермен, айқау-шу, ұрыспен ешқашан жеңе алмайсың. Есесіне, сүйіктісінің тәтті қылығына, еркелігі мен жылы сөзіне сылқ ете қалады.


О, Ө – сезімге өте тұрақты, сүйсе, құлай сүйетін, адалдықты бірінші орынға қоятын жан. Әрбір жаңа мен жылтырға жүгіре бермейді. Сыралғы, ортақ естеліктері бар ескі танысын, біраздан бері жанына желеу болған жолдасын, ыстықты да, суықты да бірге көрген жұбайын жоғары бағалай біледі.


П – қызуқанды, құмарпаз. Қызығушылығы мен мақсатқа ұмтылғыштығын жақсы бағытта жұмсаса, биіктерді бағындырып, жетістіктерге жетеді. Бұрыс жолға түсіп кетсе, құмар ойынның құрығына ілінуі мүмкін.


Р – бір қарағанда дөрекі, қатал көрінетін, алайда, жүрегі мейірімге толы, жұмсақ жан. Сондықтан бұл ер-азаматпен қарым-қатынас құрудан қорықпаған жөн.


С – әдетте айналасындағы адамдардан көп нәрсе талап етеді, аспандағы айды сұрауы да мүмкін. Сүйіктісіне де солай жасайтындықтан, көбіне жалғыз қалып жатады.


Т – бойында көшбасшылық қасиет басым. Сондықтан, онымен отбасын құрған жан өзін екінші орынға қоюға, көп ретте күйеуіне жол беруге дайын болғаны абзал.


У, Ұ, Ү – адамдардың жақсы өмірі мен әділдік жолында күрес үшін жанын береді. Мұндай жанның жұбайы түздегі ісіне араласпай, бақылауға алуға тырыспай, барынша еркіндік беріп, үйдегі жайлылығын қамдап қана отыруға тиіс.


Ф – адамдардың назарында жүргенді жақсы көреді. Оған отбасындағы басты адам, жұлдыз өзі ғана екенін сезіндіріп отыру қажет. Әйтпесе, өзіне тиісті ықылас пен көңілді алу үшін көп нәрсеге барады, тіпті, теріс жолға түсіп кетуі де мүмкін.


Х – мансап жолында тек биікке өрлеуді көздейді. Отбасының материалдық жағдайын бірінші орынға қояды. Осы үшін жұмысқа, бизнеске көп уақыт пен күшін жұмсайды. Жұбайы түсіністікпен қарап, қолдау білдіргені және уақытылы тамақтану, денсаулығын күтуді ұмыттырмай ескертіп отырғаны жөн.


Ш – жалғыздыққа шыдамайды, жүрегі тез жараланады. Отбасының берік қорғаны бола алады. Бірақ кейде қорған алтын торға айналып кетуі де мүмкін. Әсіресе, қызғанышқа себеп табылса.


Э – өмірлік жары ретінде энергетикасы, қабілет-қарымы өзімен тепе-тең жанды таңдайды. Сөйтіп теңқұқылы серіктестер сияқты өмір сүреді. Мен мықтымын, ол нәзік жанды демейді, ауыртпашылықты тең бөледі.

Осы болжамнан кейін еріңізді бұрынғыдан бес пайызға болса да жақсырақ біліп, түсіне алсаңыз, қарым-қатынастарыңыз тағы бір сатыға жоғары көтерілері анық.

Аударған. А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

2023: жыл сандарының кеңесіне құлақ ассаңыз, жетістігіңіз көп болады