​ОСЫ белгі иелері өте жиі АУЫРАДЫ

0
2 520

Сіздің ең әлсіз ағзаңыз және аурудың алдын алудың жолы қандай?


​ОСЫ белгі иелері өте жиі АУЫРАДЫ

Әркімнің денсаулық жағдайы әртүрлі екені белгілі. Осы жағынан алғанда жұлдыз белгіге қарап та біршама ақпарат жіне құнды кеңес білуге болады екен. Мәселен, Тоқтылар мен Арыстандардың ағзасы өте мықты болып келсе, Бикештер мен Шаяндар керісінше, ауруға жиі бой алдырады екен.


Тоқты

Белгі иелері көп ауырмайды, бірақ бір сырқаттанса, оңбай сұлайды. Өздігінен ем-дом жасап сауығып кету деген жоқ. Жоғары температура, жедел жәрдем, асқыну, аурухана жағалау – бір ауырса, осының бәрінен өтеді. Сондықтан, үнемі өз ағзасына қамқорлық жасап, құнарлы ас пен уақытылы демалуға көңіл бөліп, иммунитетінің түсіп кетпеуін қадалағаны дұрыс.


Торпақ

Белгі иелерін көбіне тамақ және қалқанша безі аурулары мазалайды. Бастапқы белгілерге мән бермей ұзақ жүріп қалады да, асқынған кезде бір-ақ әрекет жасайды. Сондықтан көп жағдайда созылмалы ауруға ұластырып алады. Медициналық деректерінде жөтел, фарингит, ларингит, ангина сынды диагноздар жиі кездеседі. Оны болдырмау үшін салқын сусындардан бас тартып, тамақтың қамын жасап, жөтел, өткір респираторлы аурулар кезінде тыңғылықты емделген жөн.


Егіздер

Оларда ұйқысыздық, жүйкенің тозуы сынды жүйке аурулары және астма, өкпе қабынуы, аллергия сияқты тыныс жолы, өкпе аурулары жиі кездеседі. Эмоционалдық жай-күйін бақылауда ұстап, өзін тыныштандырып жүрсе және тыныс жолы ауруларынан, суықтаудан сақтанса, бәрі жақсы болады.


Шаян

Жалпы ағзасының төзімділігі, иммунитеті төмен болып келеді. Алайда, Шаяндардың басым көпшілігі ұзақ жасайды екен. Себебі, өз денсаулығының сырын білгесін, өзіне айрықша күтім, қамқорлық жасауды өмірлік дағдыға айналдырады. Егер өзін күтпесе, бірінші кезекте асқазан, ұйқы безі, ішек жолдары ауруларынан зардап шегеді.


Арыстан

Жалпы денсаулық көрсеткіштері жаман емес. Әйткенмен, жүрек, арқа сүйектері, әсіресе, жауырын тұсы, бел омыртқасы әлсіздеу болып келеді. Белгі иелерін өзіне сенімділік пен физикалық белсенділік көп сырқаттан сақтайды.


Бикеш

Табиғат оларға өте мықты денсаулық сыйлаған. Алайда соның қадіріне жетпейтіні, өзін күтуге көңіл бөлмейтіні жаман. Соның салдарынан ағзасын ерте шаршатып, иммунитетін түсіріп алады. Вегетотамырлы дистопия, дисбактериоз, созылмалы шаршау синдромы, тері және асқорытудағы дерттер мазалап, асқынғаннан кейін барып әрекет етеді.


Таразы

Олардың ең әлсіз ағзасы – бүйрек, несеп жолы, тері. Заталмасу процесі де мәз емес. Үнемі бойын жылы ұстап, суыққа шалдықпау, тәтті мен тұзды тағамдардан өзін шектеу өте маңызды. Бүйрекүсті бездері қызметін жиі тексеріп, жіті қадағалап отырмаса, дұрыс жұмыс істемей, нәтижесінде қан қысымын көтеріп жібереді.


Сарышаян

Жалпы ағза төзімділігі жоғары. Алайда, ауыр және ұзаққа созылған физикалық жүктемемен жиі айналысатындықтан, бірінші кезекте геморрой, басқа да тік ішек аурулары және сүйек-буын аурулары мазалайды.


Мерген

Ең әлсіз жері – аяғы. Аяқ сүйектері мен буындарының арулары, ісіну, лимфа түйіндерінің қатуы, варикоз – олар үшін бірінші кезектегі қауіп туғызатын сырқаттар. Сондай-ақ, бауырының да жағдайы мәз болмайды. Сол себепті қаншалықты ерте зиянды тағамдардан өзін шектеп, дұрыс тамақтануды бастаса, соншалықты жақсы.


Тауешкі

Тауешкілердің ағзасына ең көп қауіп төндіретін – бүйректе немесе өт қабында тас түзілуі. Екінші ең көп кездесетін сырқат – төменгі арқадағы немесе буындардағы қозғалыстың шектелуі. Осы проблемалардың қаупін болдырмау немесе азайту үшін белгі иелері ренжімеуді өкпе-ренішті іште сақтамауды және эмоциясын шығаруды үйренуі керек.


Суқұйғыш

Суқұйғыштар сынықшы дәрігердің қабылдауына жиі келеді. Себебі, сіңір созылуы, тобық жарақаттары, буындардың шығып кетуі, көгеру, құлау сындыларға жиі тап болады. Мұның бәрі олардың асығыс не ебедейсіз қимылдауына байланысты.


Балықтар

Балықтардың жаны жиі ауырады, жүйкесі тез сыр береді. Себебі меланхолияға, депрессияға өте бейім. Аталған дерт түрлерінен шығармашылықпен айналысу, өмірін ашық-жарқын түстерге, түрлі эмоцияларға толтыру, хоббиінен қол үзбеу құтқарады.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

СҰРАЛМАҒАН АҚЫЛ ата-ана мен баланың арасын АЛШАҚТАТАДЫ