Осы БІР АУЫЗ СӨЗДІ айтсаңыз, ЖҮРЕГІН ЖАУЛАП АЛАСЫЗ

0
2 644

Әр жұлдыз белгісіне айтатын сөз бөлек...


Осы БІР АУЫЗ СӨЗДІ айтсаңыз, ЖҮРЕГІН ЖАУЛАП АЛАСЫЗ

Бір ауыз сөз адам жанын емдейді, көңілін көкке көтереді, мейірім-махаббатты оята алады. Жүректерді жақындастырып, сыйластықты арттыратын да бір ауыз сөз. Тек дұрысын таңдап-талғап айтса болғаны. Ал жұлдыз белгісіне қарап, соған сай келетін сөзді айтса, екі есе жақсы. Жүрекке дөп тиетініне күмән жоқ.


ТОҚТЫ

«Тамаша шешім! Мұндай сенен басқа ешкімнің ойына келмес еді! Дәл осылай жасау сенің ғана қолыңнан келеді!» – әрқашан ерекше идеяларға толы, бастамашыл, кез келген іске ықылас-ынтамен кірісуге дайын Тоқтылар үшін осыдан асқан мадақ жоқ.


ТОРПАҚ

«Керемет! Әдемі! Тамаша! Өте сүйкімді» - Торпақтың сырт бейнесіне де, қолынан шыққан қолөнерге, басқа да істеріне бағаңызды осындай «сұлу» сөздермен беріңіз. Себебі, белгі иелері бірінші кезекте сырт көріністі, әдемілікті байқап, бағалайды.


ЕГІЗДЕР

«Неткен тамаша идея! Сен – біртума талантсың! Сенің ойыңды тыңдағым келеді, жаңаша ой салады» - шығармашылыққа жаны жақын Егіздерге осындай сипаттағы мақтау сөздер майдай жағады.


ШАЯН

«Үйдегі уақытты сенімен бірге өткізген ұнайды. Сен дайындаған ас өте дәмді шығады. Отбасылық кештерді ерекше қызықты етіп ұйымдастырасың» – осындай сөздер Шаянды біраз марқайтып тастайды. Сөзден бұрын, қамқорлық, ыстық ықылас, ниетіңізді жоғары бағалайды. Өйткені, расында да олар үшін отбасы, үй бірінші орында.


АРЫСТАН

Мақтау-мадақ сөздермен азықтанбаса, көңілінің хошы болмай, азып-тозып кетеді. «Сен – әлемнің әміршісісің! Бәрі саған бас ұрады. Сенің сөзің мен үшін заң» – осындай сөздер өзін шын мәнінде патша сезініп, жомарт әрі әділ билеушідей болуға ынталандырады.


БИКЕШ

«Мен үшін сенің қолдауың маңызды, көмегің өте құнды. Сенің сөздерің бойыма қанат бітіреді» - әрқашан қамқор, көмек қолын созуға дайын, сөзбен де, іспен де қолдай білетін Бикештерге осы қырын баса айту арқылы бақытқа бөлей аласыз.


ТАРАЗЫ

«Сенің пікіріңді білгім келеді. Сенің ойың маңызды» - кез келген мәселе тұсында Таразыға осылай айтып, ақыл-кеңесін сұрап тұрсаңыз, қайтарымы ретінде өте құнды ойлар алатыныңыз сөзсіз. Әрі белгі иесін де риза қылып қоясыз.


САРЫШАЯН

«Сырымды саған ғана сеніп айта аламын. Құпиямды ешкімге ашпайтыныңа сенемін» - осылайша сенім артуға лайық адам екенін жеткізсеңіз, Сарышаянның да сізге деген сенімі артады. Адал дос, сенімді серігіңіз болады.


МЕРГЕН

«Екеуміз оңаша қыдырып қайтайық. Бұрын-соңды бармаған жерлерге...» - Мергенді қуанту үшін осындай ұсыныс айтыңыз. Себебі саяхаттағанды, қыдырғанды, түрлі хикаялар мен жаңа эмоцияларды, күтпеген тосынсыйларды жақсы көретінін білетін шығарсыз.


ТАУЕШКІ

«Сенің қолыңнан келмейтіні жоқ! Неткен мықтысың!» - расында да қолы шебер, күші мығым Тауешкілерді осындай сөздермен қолпаштаңыз. Сонда тау қопарып, тас жарудан да тартынбайды.


СУҚҰЙҒЫШ

«Сенің барлық идеяңның сәтті болатынына сенемін. Барлық бастамаңды қолдаймын» - осы тектес сөздер Суқұйғышқа қанат бітіреді. Өзіне сенімді болса, ойындағы идеяларын жүзеге асыруға белсене кіріседі. Көп жағдайда оның нәтижесі бәріңіз үшін пайдалы болады.


БАЛЫҚТАР

«Сенің қасыңда жаным тынышталады. Сенімен өткізген әр сәт мән-мағынаға, естелікке толы» - осындай сөздермен демеу берсеңіз, Балықтар алда да бірге өткізген уақыттарыңыздың сапалы болуы үшін барын салады.

Аударған. А. Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ЕНЕҢІЗ бен ЕРІҢІЗДІҢ тілін тапқыңыз келсе, жұлдызбелгісін біліңіз