Осы ӨМІРДЕГІ басты МИССИЯңызды білесіз бе?

0
2 733

Өз орныңыз бен міндетіңізді айқындай алдыңыз ба?


Осы ӨМІРДЕГІ басты МИССИЯңызды білесіз бе?

Адам қай жасқа келсе де, өзін іздеумен, жаңа қырынан танумен болады. Өкінішке қарай, орта жасқа келсе де, өмірден өз орнын әлі таппай жүрген жандар бар. Бұл – тағдырдың өзіне қандай міндетті не «қызметті» тағайындап бергенін білмегеннен болады.

Асылында, әрқайсымыз осы әлемге қандай да бір миссияны орындау үшін келдік. Өз міндетіңізді анықтау үшін туған күніңіздің сандарын бір-біріне қосу арқылы (бір таңбалы сан шыққанша) жеке нумерологиялық саныңызды білсеңіз болғаны.

Мәселен, 01.03.1986: 1+3+1+9+8+6=28, 2+8=10=1

Сонда, бұл туған күн иесінің нумерологиялық саны – 1.


1 саны:

  • Адамдарға ақпаратты жеткізу, ақыл-кеңес беру;
  • Барлық жерде көшбасшылық жасап, адамдарды соңыңыздан ерту;
  • Тілдік білім, сөйлеу шеберлігі арқылы адамдардың ой-санасына әсер ету;


2 саны:

  • Адамдарға қамқорлық жасау, құлағанға сүйеу болу, адасқанға жол көрсету;
  • Күдік пен күмән, жағымсыз ойлар жетегінде адасып жүрген жандарға қажетті сөзді айту арқылы ой-санасын ашып беру;
  • Ішкі әлеміңізді, интуицияңызды тыңдау арқылы көптеген ақпараттар алу, соның көмегімен адамдарды қауіп-қатерден сақтандыру;
  • Ата-анаңыз үшін қайырымды, мейірімді перзент болу;
  • Өз перзенттеріңізге әділ де дана ата-ана болу.


3 саны:

  • Ең алдымен кемеңгер ұстаздан дәріс алып, кейін алған біліміңіз бен тәжірибеңізді адамзат игілігіне қолдану;
  • Ерік-жігер күші, ішкі дауысты тыңдай білу қасиетінің көмегімен адамдарға мотивация беру;
  • Өз отбасыңыз ғана емес, ағайынның, әулеттің, тіпті ауыл-аймақтың жайлы өмірі мен ауқатты тұрмысы үшін еңбек ету;
  • Өзінен кейін де адамзатқа пайдасын тигізетін із қалдыру.


4 саны:

  • Адамдарға, қоғамға қызмет ету;
  • Өз ісінің маманы ретінде қандай да бір сала бойынша артында із қалдыру;
  • Дүниетанымы, көзқарасы сіздікімен бірдей адамдарды тауып, ізіңізден ерту, топ құру;
  • Өз іс-әрекеті үшін ғана емес, артынан ерген қолдаушыларының іс-әрекеттері үшін де жауапкершілік арқалау;


5 саны:

  • Ұстаздық жолында кемеңгер де құрметті тұлға бола алады;
  • Өмірлік тәжірибесі мен білімімен бөлісу;
  • Өзінің және өзгелердің бойында ерік-жігер күшін дамыту;
  • Адамдардың қорқынышын жеңіп, алға қарқынмен ұмтылуына көмектесу;


6 саны:

  • Адамдарға махаббат, мейірім сыйлау;
  • Жүрегін, ішкі даусын тыңдап, өз бетінше шешім қабылдауға үйрету;


7 саны:

  • Адамдарға қиын таңдау қою арқылы өмірдің осы бір тұсына баулу, қиындыққа иммунитет қалыптастыру;
  • Бір орында отырмай, алға жылжуларына күш беру;
  • Өз жетістіктері мен табысының көмегімен айналасын жақсы жаққа қарай өзгерту;
  • Жедел, алайда асығып-аптықпастан іс-әрекет жасауды үйрету;
  • Өзіне зияны тиетін жерлерде «жоқ» деп айтуға үйрету;


8 саны:

  • Жаңа бастама қолға алған жандарға қолдау білдіру;
  • Бастаған ісін тастамай, соңына дейін жеткізу үлгісін көрсету;
  • Әділетсіздік орын алған жерлерде күрес жүргізіп, әділет орнату;
  • Адамдарға не істесең, алдыңа сол келетінін ұқтыру;
  • Эмоцияны басқаруды үйрету;


9 саны:

  • Адамдарға рухани ұстаз болу;
  • Қарттарға көмектесу;
  • Шешендік өнері арқылы адамдардың ақыл-ой, санасына әсер етіп, қандай да бір бағытта соңынан ерту;

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Жұлдызнама бойынша: КІМГЕ, НЕГЕ ТӘУЕЛДІСІЗ?


Жігіттердің ҚҰПИЯСЫН оп-оңай БІЛІП АЛУҒА болады