​Өзіңізге ОСЫ сөзді КҮНДЕ АЙТЫҢЫЗ!

0
1 446

Бұл сөз өміріңізге жақсылықты магнитше тартады.


​Өзіңізге ОСЫ сөзді КҮНДЕ АЙТЫҢЫЗ!

Сөз – үлкен құдыретке ие. Сондықтан да қазақта «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Жақсы сөз көңілді гүл етеді, жаман сөз жүректі жүдетеді», «Жақсы сөз – жан азығы» сынды мақал-мәтелдер көп. Өзіңізге күнделікті тек жақсы сөздер айтып жүріңіз. Бұл сізге өмір сүруге, еңбек етуге деген құлшыныс сыйлайды. Өміріңізге жақсылықты магнитше тартады. Сөздердің құдыреті дұрыс жұмыс істеуі үшін дұрыс сөздерді айта білу керек. Астрологтар әр бегі иесінің болмыс ерекшеліктеріне байланысты бірінші кезекте айтуға тиіс сөздерді тізбектепті.


ТОҚТЫ – «Жаман ойдың бәрін ысырып таста, тек жақсы ойла!»

ТОРПАҚ – «Кез келген қиындықты күліп қарсы аламын, оларды жеңуге күшім жетеді!»

ЕГІЗДЕР – «Кешірімді боламын, маған жамандық жасағандардың бәрі өткенде қалды!»

ШАЯН – «Мен өзіме сенемін, қолымнан бәрі келеді!»

АРЫСТАН – «Бүгінгі күнге оң, позитивті көзқарастамын!»

БИКЕШ – «Мен – тамаша жанмын, себебі мен – МЕНМІН!»

ТАРАЗЫ – «Өмірімде болған, бар нәрселердің бәрі үшін шүкір, алғысым шексіз!»

САРЫШАЯН – «Менің денім сау, күш-қуатым толық, бақыттымын!»

МЕРГЕН – «Өмірімдегі әрбір жайт мені тек жақсылыққа жетелейді!»

ТАУЕШКІ – «Әр күн сайын тәжірибем толығып, ақыл-ойым кемелденуде!»

СУҚҰЙҒЫШ – «Менде тамаша отбасы бар, олар үшін тауды да қопарамын!»

БАЛЫҚТАР – «Менің өмірімнің құраушысы да, архитекторы да – өзім!»

Өзіңе де, өзгеге де саулық тілесеңіз, жақсы сөз сөйлеңіз. Жақсылыққа қадам - жақсы ой мен жақсы сөзден басталады.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Кімдермен жұлдызыңыз жараспайды?