​Сіздің ең үлкен ҚАТЕҢІЗ бен ең жаман КЕМШІЛІГІҢІЗ

0
1 198

Қате мен кемшілікті түзеу үшін алдымен олармен танысу керек


​Сіздің ең үлкен ҚАТЕҢІЗ бен ең жаман КЕМШІЛІГІҢІЗ

Ешкім мінсіз емес. Пенде болғасын қате-кемшіліксіз болмайды. Алайда сол қатені мойындап, түзетуге, олқылықты көріп, орнын толтыруға тырыспасақ, сана мен ақыл не үшін?

Нені қате істеп жүрсіз? Қандай кемшілікті жою керек? Астрологтар жұлдыз белгіңізге қарап осы сұрақтардың жауабын айтып береді. Ал сіз сол іс-әрекетіңізді ой елегінен өткізіп көріңіз.


Тоқты

Қатеңіз: жақсылықты түсінбейтін адамдарға жақсылық жасау

Кемшілігіңіз: ұсақ-түйекке дейін қазбалап, мін іздеу


Торпақ

Қатеңіз: Өткенге қайта-қайта қарайлау, бүгінгі күнмен өмір сүрмеу

Кемшілігіңіз: өзіңізді де, айналаңызды да өртеп жіберердей қызғаншақтық


Егіздер

Қатеңіз: айналадағы барлық негативті өз бойыңызға жиып, сіңіріп жүру

Кемшілігіңіз: бәрін кейінге ысыра беріп, ең соңғы сәтте істеу


Шаян

Қатеңіз: өз ойыңызбен емес, басқа адамдардың ақыл-кеңесімен жүру

Кемшілігіңіз: өзіңізге зияны тиетіндей деңгейде шектен тыс шыдамды болу


Арыстан

Қатеңіз: өзіңізді жақсы қылып көрсету үшін барлық нәрсеге ақталу

Кемшілігіңіз: бәрін кейінге ысыра беріп, ең соңғы сәтте істеу


Бикеш

Қатеңіз: жақсы көретін, жақын адамдарыңызбен белгілі бір арақашықтық ұстау, олардан алыстау

Кемшілігіңіз: бәрін бақылауда ұстауға тырысып, артық күш жұмсау, айналадағы адамдарды ығыр қылу


Таразы

Қатеңіз: бәрін барынша қиындату, тіпті ең жеңіл жағдай мен ең оңай шаруаны да

Кемшілігіңіз: өмірге алқызыл көзілдірікпен қарау, бәрін ақтап, жақтап, адамдардың шынайы бет-бейнесін көрмеу, жағдайға тіке қарамау


Сарышаян

Қатеңіз: адамдардың ішіндегі аласын аңғара алмау, бәріне бірдей сену

Кемшілігіңіз: эмоцияға ерік бермеу


Мерген

Қатеңіз: ақыл-ойыңыздың айтқанын, жүрегіңіздің қалауын тыңдамай, тек белгіленген ереже, нұсқауларды орындау

Кемшілігіңіз: қажет уақытта тежегішті баспау, дер кезінде тоқтай алмау


Таушекі

Қатеңіз: бірінші орынға үнемі лайықсыздарды таңдап қоясыз

Кемшілігіңіз: өзіңізді ең соңғы орынға қойып, қамқорлықтан құралақан қалдырасыз


Суқұйғыш

Қатеңіз: қателіктерден сабақ алмай, бір басқан отты қайта басу

Кемшілігіңіз: қажет жерінде, керек уақытта байсалдылық таныта алмайсыз


Балықтар

Қатеңіз: өз күшіңізге, қабілет-мүмкіндіктеріңізге сенімсіздікпен қарау

Кемшілігіңіз: адамдарды сөқыр сезіммен жақсы көресіз, салдарынан шынайы бет-бейнесін көрмейсіз

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Қай жасыңызда босандыңыз: әр баланың анасына өз үйретері бар