​Сіздің ҚОЛЫҢЫЗДАН ең жақсы КЕЛЕТІН ІС не екенін білесіз бе?

0
1 096


​Сіздің ҚОЛЫҢЫЗДАН ең жақсы КЕЛЕТІН ІС не екенін білесіз бе?


Тоқты

Өз ұстанымдарына адал, көзқарасына берік. Өзгелердің пікіріне құлақ аспастан, өзіне сенімділігін сақтап қала алады.


Торпақ

Олардың қолынан мүлтіксіз келетін бір іс – ең жақсы, ең адал дос болу. Торпақ досыңыз болса, оған жүз пайыз сенім артуға болады.


Егіздер

Жылауға шақтүрса да, көз жасын жұтып жіберіп, күле біледі. Қандай қиын жағдайда да көңілін көтере алады.


Шаян

Өзі үшін маңызды, жақын, жақсы көретін адамдарға қамқорлық көрсетуі керемет.


Арыстан

Мақтау-мадақтау сөздеріне жомарт, кімге қандай сый ұсынуды, кімді қалай қуанту керегін жақсы біледі.


Бикеш

Құпия сақтай алады. Сеніп сырын айтқан адамның «сыр сандығына» айналады.


Таразы

Барлық жағдайда да оптимистік көзқарасты, позитивті көңіл күйді және елден ерек креативтілігін сақтай алады.


Сарышаян

Ештеңеге бейжай қарамайды. Қай уақытта, қандай жағдайда болмасын кез келген істі бар ынта-ықыласымен атқарады.


Мерген

Ойын бүкпесіз, жасырмай, ашық және еркін түрде жеткізудің хас шебері.


Тауешкі

Өзгелерден ойын, эмоциясын жасырудың шебері.


Суқұйғыш

Ештеңе болмағандай кейіп танытудан сайыс болса, бас жүлде тек Суқұйғыштарға бұйырар еді.


Балықтар

Өзіне жетпей жатса да, өзгелерге келгенде ақылдың кені, пайдалы кеңестер жинағы.

Аударған: А. Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Осы БІР АУЫЗ СӨЗДІ айтсаңыз, ЖҮРЕГІН ЖАУЛАП АЛАСЫЗ