​ТАБЫСЫҢДЫ екі есе КӨБЕЙТКІҢ келсе...

0
3 212

Осы кеңестерді іске асырсаңыз, қалтаңыз едәуір қалыңдайды.


​ТАБЫСЫҢДЫ екі есе КӨБЕЙТКІҢ келсе...

ТОҚТЫ

Ойыңызда жүрген жаңа кәсіптің идеясы бар. Қорқақтамай, соны қолға алыңыз. Сізде стартапқа қажеттінің бәрі бар: жаңашылдық, іскерлік, ынта-жігер, көшбасшылық қасиет. Тек жетіспей тұрғаны – тәуекел. Бел буып, кіріссеңіз, табысыңыз жаңа белеске көтеріледі.


ТОРПАҚ

Ұжымдағы ең білікті мамандардың бірісіз. Тынбай жасаған еңбегіңіздің жемісін дұрыстап жеуге неге талпынбайсыз? Басшылықтан жалақыңызды көтеруді сұраңыз. Жеке кәсіпкер болсаңыз, кірістен өз қажеттіліктеріңіз, демалысыңыз үшін көбірек қаржы бөліңіз. Одан қазынаңыз ортайып қалмайды. Қайта жұмыс өнімділігі артып, сәйкесінше, табыс көлемі де ұлғаяды.


ЕГІЗДЕР

Сіз адамдармен ортақ тіл табысып, жақсы коммуникация, қызықты диалог құра білесіз. Еңбекқорлық, білім мен білікпен қоса осы қасиетіңізді де пайдаланыңыз. Сонда жаңа жобалар, серіктестіктер құратын жандар өздері тартылатын болады.


ШАЯН

Сіз сырттың емес, үйдің адамысыз. Жұмысқа жиналу, бару-келу жолы, әріптестермен аралас-құралас болу көп уақытпен қоса, біраз энергияңызды алып қояды. Онлайн жұмысқа ауысып көріңіз. Жұмысыңызды жылы да жайлы өз үйіңізде отырып атқарсаңыз, әлдеқайда көп іс тындырасыз. Ал көбірек біткен іс – көбірек кіріс.


АРЫСТАН

Көпшілік арасында көзге айрықша түсетін адам болғандықтан, айналаңыз сізден көп нәрсе күтеді. Аузыңызды аша бастасаңыз болғаны, тыңдауға, қолдауға даяр тұрады. Осыны пайдаланып, барлық идеяларыңызбен бөлісіңіз, жаңа бастамалар ұсыныңыз. Оларға басшылық жасау, әлбетте, өзіңізге тиесілі. Идеяларыңыз ойдағыдай жүзеге асып, нәтижелі, табысты болып жатса, кірістің көп бөлігі де сіздің еншіңізге бөлінеді.


БИКЕШ

Сіздің жұмысты ұсақ-түйегіне дейін мінсіз қылып жасайтын перфекционистігіңіз басқалар үшін ғана тиімді. Өзіңіз үшін олай емес. Бірінен соң бірін екі жұмысты еңсеріп, екі есе жалақы алуға болатын уақытты, энергияңызды бір шаруаның бүге-шігесіне жұмсап, ұтылып жүрсіз. Ешкімге ешқандай зияны тимейтін кемшіліктерге көз жұма қарауды, жақсы демалуды үйренсеңіз, жұмыс көлемін арттыруға мүмкіндік пайда болады.

ТАРАЗЫ

Адамдарға көмектесуге әрдайым әзір тұрасыз. Әйткенмен, өзіңіздің қайырымдылық қоры немесе әлемді құтқарушы қаһарман емес екеніңізді ұмытпаңыз. Уақытыңыздың көп бөлігін басқаларға сарп ете бермей, өз шаруаңызға көңіл бөліңіз. Сонда ісіңіз ілгері басады, табысыңыз артады.


САРЫШАЯН

Сынға түсу, бәсекелесу сізді алға ұмтылдырады. Жұмыс процесін әріптестеріңізбен не бәсекелестермен сайыс ойынына айнадырыңыз. Кім көбірек тұтынушы тартады, кім үлкенірек айналым жасайды, кім көбірек шаруаны еңсереді дегендей мәре мен меже белгілесеңіз, бірінші болу шін бәрін жасайсыз. Есесіне, сайыс соңында қалтаңыз едәуір қалыңдайды.


МЕРГЕН

Сіздің басты байлығыңыз – достарыңыз. Тура мағынасында да, жанама мағынада да. Себебі, достарыңыздың көмегіне сүйеніп, олармен бірігіп жасаған істеріңіз әрқашан нәтижелі әрі табысты болады.


ТАУЕШКІ

Әлемдік ақша айналымы сізге келгенде жомарт, ештеңесін аямайды. Тек көзін, тілін тауып алсаңыз болғаны. Жалпы, жеке шауып бәйге алатын емес, көпшілікпен бірге көп іс тындыратын адамсыз. Көзқарас пен мақсаттарыңыз бір нүктеде тоғысатын, сенімді серіктес болатын өз адамдарыңызды тауып, командалық жұмыс жасаңыз.


СУҚҰЙҒЫШ

Жалпы, кез келген тығырықтан жол тауып кететін жансыз. Алайда, бұл біраз энаргияңыз бен қаражатыңызды жойып жібереді. Жол таба алады екем деп шаруаны тығырыққа тірелгенше бейберекет жасауға болмайды. Осы әдетіңізден арылсаңыз, ісіңіз алға басып, табысыңыз да, тасыңыз да өрге домалайды.


БАЛЫҚТАР

Түйсігіңізді тыңдаңыз. Ол сізге қай тұстан ақша ағыны келгелі тұрғанын жақсы сезеді. Тек тыңдай біліп, соңынан еріп, тиісті шаруаны атқарсаңыз болғаны.

Аударған: А. Бектұрғанова,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Досыңыз туралы не білесіз? Астролог сіз білмеген нәрсені айтады