Туған жылыңыз өмірлік миссияңызды айтып береді

0
3 392

Қай жылғысыз?


Туған жылыңыз өмірлік миссияңызды айтып береді


Қай жылғысыз?

Енді ойлап қараңызшы, сіздің дәл сол жылы дүниеге келуіңіз тектен-тек емес. Сандар әлемінің сарапшылары адамның туған жылына сәйкес те нумерологиялық цифры болатынын айтады. Және сол цифрға сәйкес мінезіне, тағдыры мен осы өмірде атқаруы тиіс миссиясына сипаттама береді.

Қызық болса, жоғарыдағы кестеден өзіңіздің не танысыңыздың туған жылын тауып, тұсындағы цифрды біліп, сәйкес сипаттаманы оқып көріңіз.


1 – Өте сабырлы жан. Бір жаманы, пессимистік ойларға көп беріледі. Сырт көзге мейірімді, қолынан көп нәрсе келетін жан болып көрінеді. Алайда өз ішінде ол – әлі бала. Өзі де адамдардың мейіріміне, махаббатына зәру, қажетті мөлшерде алмаса, жабырқап, жасық болып қалуы мүмкін. Кез келген жағдайға тез бейімделе алады. Кейде ол шектен тыс көнбістікке айналып кетіп, өмірін жақсартуға, ұнамаған нәрсені өзгертуге деген құлшынысы болмай жатады. Спиртті ішімдіктер мен есірткінің алдында әлсіздік танытуы мүмкін, барынша сақ болып, аулақ жүргені жөн. Денсаулық туралы айтар болсақ, асқорыту және несеп айдау жүйелеріне қатысты ағза мүшелеріне айрықша қамқорлық жасауы керек.


2 – Оңайлықпен агрессияға берілмейтін, бәрін жылы жүзбен қарсы алатын, мейірімді жан. Өзіне қатысты да өзгелердің агрессияға жол бергенін ұнатпайды әрі кешірмейді. Кейде әр ұсақ-түйекке мән беріп, тырнақ астынан кір іздейтіні, өзін қаттырақ жақсы көріп, эгоистікке бой беретіні, жалқаулыққа салынып, ештеңеге талпынбай, енжарлық танытатыны бар. Топпен жақсы жұмыс істейді, көшбасшы болуды да қатырады. Қоғамдық жұмыстар, табиғатқа қамқорлық жасауға қатысы бар қызметтер табыс пен абырой әкеледі. Тәттіге әуес, өзін тежемесе, артық салмақпен күресуіне тура келеді. Сонымен қатар, қан құрамын, ішек жолдарын, тері мен арқа сүйектерінің жағдайын жіті қадағалауда ұстауы керек. Құмар ойындардан өзін қашық ұстамаса, соңына түсіп кету ықтималдығы бар.


3 – Ерте есейіп, өз басын алып жүре алатын адам. Сондықтан да ата-анасынан кіндігін үзуі қиын емес. Бірбеткей, оптимист, көпшіліктің пікіріне тәуелді емес. Өзгелердің ықпалында, өмір ағысында кетпейді, қандай жағдай болмасын тізгінді өзі ұстағанды ұнатады. Өмір жолы көптеген өрлеу мен құлдыраудан тұрады, қызықты әрі қауіпті, мазмұн мен мағынаға толы. Бір кемшілігі – ақша ұстай алмайды, ысырапшыл. Дене сымбатыңызда мін жоқ, онымен еш мәселе болмайды да. Алайда, аяқ сүйектеріңіз және жүйке жүйеңіз әлсіз, оларға зиян келтірмеудің бар амалын жасаңыз. Мансап пен табыс үшін шығармашылықпен байланысты мамандықтар қолайлы.


4 – Ерік-жігері мықты, позитивті тұлғасыз. Мейірімді жүрек пен байсалды мінез иесісіз. Сізді алдау, тіпті заттарыңызды қолды қылып кету оңай. Көп алданып, ұрлық-қарлықпен бетпе-бет келгеннен кейін сенімге селкеу түсіп, адамдарға сенуден қаласыз. Соның әсерінен жақын қарым-қатынас құру, үйленіп, шаңырақ көтеруіңіз қиынға соғуы мүмкін. Денсаулығыңыз жиі сыр береді, әсіресе, асқазан-ішек жолы мен өкпеге қатысты. Өмірлік миссияға келгенде, қоғамдық жұмыспен тікелей байланысты, көпшілікке қызмет көрсететін жұмыстар қол келеді.


5 – Тұла бойы қарама-қайшылыққа толы. Бірде тым жақсы, енді бірде ең жаман адам. Бір кездері өте еңбекқор болып тыным таппайды, ені бірде жалқауланып, ештеңеге мойны жар бермей, айлап жатып алады. Жалғыздықты көтере алмайды, өзін жақсы көретін, қолдайтын адамдардың үнемі жанында болғанына мұқтаж. Сәттілік көп серігі бола бермейді, өмірінде ғажайыптар да аз, алайда еңбектенсе, бар керегіне қол жеткізеді. Әдетте, денесі шымыр, иммунитеті мықты. Алайда жүрек-қантамыр жолдары мен ішек жолдарына қатысты ауру-сырқаулар мазасын алуы мүмкін.

Кез келген салада мол табысқа жетіп, адамдарға да пайдасын тигізе алады. Тек қай сала босла да, басшылық қызмет тізгінін ұстаса болғаны.


6 – Ішкі түйсігі мықты дамыған жан. Тумысынан көшбасшы және жаңашыл идеялар генераторы. Алдына биік мақсат қояды, соған қажымай-талмай жете алады. Сәтсіздіктен қорықпайды, өзіне сенімді және бар болмысын жақсы көреді. Ақшаны тез әрі оңай таба алады, сәйкесінше дәл солай жұмсап та қояды. Еңбек ету барысында өзінің жұмыс істеу қабілетін, энергиясын, эмоцианалдық жағдайын үнемі бақылауда ұстап, ресурсын толықтырып отырғаны дұрыс. Әйтпесе, тез таусылып, тауы шағылып қалады. Денінің саулығын сақтау үшін әсіресе жүрек, сүйек-буын және өкпесінің жағдайын жіті қадағалап отыру керек. Бойында шешендік өнер бар, сондықтан, ұстаз, уағызшы, саудагер сынды тілдік қарым-қатынас құрумен атқарылатын жұмыстарды жасауына болады.


7 – Басқалардың назарын жақсы көретін, тиісті мөлшерде алмаса ашуға бой алдыратын, қызуқанды және көңілді адам. Өмірі шамамен 40 жастан кейін қалыпқа келеді, оған дейін көптеген сынақтар, жеңістер мен жеңілістер болады. Жалғыз өзі қалаған нәрсесіне жетуі өте қиын, өйткені табандылық өте аз. Мақсатқа жету үшін жанында ерік-жігері мықты серіктесі болуы тиіс. Физикалық тұрғыдан біршама әлсіз. Бүйрек, жүйке және асқазан-ішек жолдарының кеселдері көбірек мазалауы мүмкін. Бұл жылдары туғандардан керемет қаржыгер және заңгер шығады.


8 – Өзіне сенімді және табанды тұлға. Сізді бір нәрсеге сендіру және өмірге деген көзқарасыңызды өзгерту өте қиын. Керісінше, сіз өзгелерге өз консервативті пікіріңізді таңудың шеберісіз. Сырттай қарағанда байсалды, сабырлы болып көрінесіз, бірақ ішіңізде үнемі идеялар, мақсаттар, жоспарлар қайнап жатады. Жан мен тәннің саулығына келсек, жүйке жүйесі, омыртқа және қан тамырларының проблемалары болуы мүмкін. Жастық шағында қызық қуған сауықшыл болғанымен, отбасын құрған соң шытырман оқиғаларды тоқтатып, серігіне адал әрі шынайы болады. Олар табысқа ерте жетеді, және мансап пен қаржыға келгенде сенімділік пен тұрақтылық орната алады.


9 – Әсершіл, сезімтал адам. Қайғылы фильм көрсе, жылап қалады, күлкілі сәт бола қалса, күле салады. Импульсивті, басқалардан көп нәрсе күтеді, талап етеді, күткені болмаса, ренжіп, сұрақ пен сынақ астына алады. Ұйқысыздық, жүйке жүйесінің мәселелері, көз бен жүрек ауруларынан көбірек зардап шегеді. Өнерге, шығармашылыққа немесе дипломатияға қатысы бар іспен айналысса, биік мансап пен мол табысқа жетеді.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

СЫЙЛЫҚ саныңызды білсеңіз, бойыңыздағы ТАЛАНТТЫ ТАНУ қиын емес