​Үйдің нөмірі иесінің БАҚЫТЫ мен ТАБЫСЫНА қалай әсер етеді?

0
3 407

Жақын күндері жаңа үй сатып алу жоспарыңызда болса, нөміріне де айрықша мән беріңіз.


​Үйдің нөмірі иесінің БАҚЫТЫ мен ТАБЫСЫНА қалай әсер етеді?

Егер жақын күндері жаңа үй сатып алу жоспарыңызда болса, таңдау кезінде оның нөміріне де айрықша мән беріңіз. Өйткені, нумерологтар жеке үй не пәтер нөмірінің де иесіне табыс пен бақытқа жетуге әсері болатынын айтады.

Ал егер меншікті мекеніңізде отырсаңыз, жай қызық үшін өз ыстық ұяңыздың нөмірін тексеріп көруіңізге болады.

Бұл үшін алдымен әдеттегідей үйдің нумерологиялық цифрын анықтап алу керек. Егер нөмір бірнеше саннан тұратын болса, оларды бір-біріне қосу арқылы бір таңбалы сан шығарып аламыз. Мысалы, пәтер нөмірі 143 болса: 1+4+3=8. Яғни, сіздің үйдің нумерологиялық цифры – 8.


1

«Бірлік» таңбасындағы жеке үй болсын, пәтер болсын, тәуелсіз, өзін-өзі толық қамтамасыз ететін және өз шешімдеріне жауап бере алатын адамдарға тән. Мұндай үйің тұрғындары қашанда көшбасшылыққа ұмтылады, елден ерек еңбекқорлығымен, төзімділігімен көзге түседі. Сондай-ақ, еш әрекетсіз отырғаннан көрі, жаңа идеяларды жүзеге асырып байқағанды, тәжірибе жасағанды жақсы көреді.

Осы сипаттамаға қарасақ, «бірлік» үйлерде көбіне басшылар мен жетекшілердің тұратынын байқауға болады. Тіпті, діл қазір ол кісінің жетістігі көп болмаса да, болашақта бизнесте де, қызметте де биік белестерді бағындыратынына сене беруге болады.


2

«Екілік» – майда тілді, жұмсақ мінезді, дау-жанжалды оңтайлы шеше білетін жандардың мекені. Қандай мәселеде болмасын құнды әрі пайдалы кеңестері әрқашан әзір. Тек, сұраса болғаны. Сабырлы, сезімтал әрі мейірімділігімен қымбат. Тыныштық пен жайлылықты бәрінен жоғары қояды.

Мұндай үйде тұратын адамдар бір-бірін жақсы түсінеді, құрметтейді. Осындай жағымды аура отбасы мүшелеріне шығармашылықпен айналысуға, өзін іздеуге, тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасайды. Сондықтан, осы бағытта ізденсе, жетістік пен табыс көп күттірмейді.


3

«Үштік» үйдің иелері – той-думанды жақсы көретін, өте қонақжай кісілер. Мұндай мекеннің әр қабырғасы жағымды энергияға, оптимизмге тұнып тұрады. Бұл үй иелеріне, онымен қоймай, жиі клеетін қонақтарға да әсер етпей қоймайды. Сол себепті, «үштік» үйде тұратын жандардың таныстық ортасы кең, өздері көңілді әрі тойшыл, қай мәселені болмасын қиындатпай, оңай шешетін, жарқын жандар болып келеді. Мұндай кісілердің өмір жолы жеңіл, жолы болғыш ақжолтай болып келетінін көріп жүрміз.


4

«Төрттік» мекен тұрғындары тұрақтылық пен болашаққа деген сенімділікті қалыптастыру үшін барын салады. Олар неге басымдық беру керегін біледі, айқын жоспар құрып,одан айнымай, қадам-қадаммен жүре отырып діттегеніне жетеді. Ақыл-ой еңбегі де, физикалық дене еңбегі де оларды шаршатпайды.

Бұл үйде тазалық пен тәртіп бірінші орында тұрады. Ал, тәртіпті ту еткен, дұрыс жоспар құрылған және сол жоспар бойынша нақты әрекет болған жерде табыс пен жетістік те көп күттірмейді.

5

Тұла бойы энергияға толы, жиі өзгеріс пен үздіксіз дамуды жаны қалайтындар үшін таптырмас үй. Мұнда күш кешкендердің іші пыспайды. Олар мүмкіндік туа қалса, тәжірибе жасап байқаудан бас тартпайды. Әдетте, «бестік» үйлерде харизмаға толы, адамдарды өзіне магнитше тартатын тартымды кісілер күш кешеді. Ал үйдің ішкі аурасы оларда ұйымдастыру қабілетін шыңдауға жол ашады.


6

«Алтылық» – жауапкершілігі мол жандардың таңдауы. Тұрғындары ұстамды, әр қадамын аңдап басады, үнемі мінсіздікке ұмтылу, өзін дамыту үстінде болады. Оларды өз бенйесі мен үй-жайының сырт көзге қалай көрінетіні қатты алаңдатады. Сондықтан, үнемі үйін де, өзін де аксессуарлармен, картина, гүл, басқа да заттармен безендірумен болады.

Мұндай үйде кішкентай баласы, тіпті, үй жануары болғаынна қарамастан, қашан да тазалық пен тәртіп үстемдік құрады. Сондай-ақ, қаражатты басқаруда да бәрі реттелген.


7

«Жетілік» – ғалымдар мен шығармашылық адамдарының саны. Олар көп оқығанды, терең ойға шомғанды жақсы көреді. Физикалық дене еңбегімен айналысуды ұнатпайды. Сондықтан, мұндай үй тер төгіп еңбектенуді, мол табыс табуды көздейтіндерге сәйкес келмейді. Ол тек томаға-тұйық жандар үшін немесе шулы әлемнен оңаша қалып, тыныштықта тынығу үшін қолдануға ыңғайлы.


8

«Сегіздік» үйдің тұрғындары құпия сақтағанды жақсы көреді. Олардың аузынан сөз суырып алу қиынның-қиыны. Үйді мекен ететін отбасы мүшелері де үнемі бір-бірімен үндемес ойнап жүретіндей. Ақжарқын, көп сөйлейтін, энергетикасы мол жандар осындай үйде өмір сүрсе, жолы болуы, жетістікке жетуі екіталай. Ал, момын, үнсіздікті бағалайтын томаға-тұйық кісілердің ұйымдастырушылық қабілеті жақсы дамиды, қаржылық жағдайы тез жақсарады. Дос-таныстары көбейіп, араласатын ортасының кеңеюіне ықпал етеді. Түбі белді қоғам қайраткері, саясаткерге айналуы ғажап емес.


9

«Тоғыздық» – бір бағытта ғана емес, жан-жақты дамуды қалайтындар үшін жайлы мекен бола алады. Олар осы үйде талантын барынша шыңдап, толыққанды шығармашылық адамына айналады. Өзіне ғана емес, өзгелерге де көп пайдасын тигізе алатын жан ретінде қалыптасады. Қаржылай және карьералық өсу жолында да көп нәрсеге қол жеткізеді.

Міне, нумерологтар үй нөмірі жайында осындай ой айтады. Сену-сенбеу өз еркіңізде. Бастысы, үйіңіз жылы да жайлы болсын.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


Өзіңізге деген СЕНІМіңізді не «сындырады»?

Нумерологиялық сан сәйкес келмесе, сүйіктіңізбен бақытты бола алмайсыз