ЖҰЛДЫЗдардың ЖАҒЫМСЫЗ қасиеттері

0
1 006

Өзін патшадай көріп, басқалар оған қызмет етуге міндетті деп ойлайды.


ЖҰЛДЫЗдардың ЖАҒЫМСЫЗ қасиеттері

Сурет: mirzodiaka.com

Тоқты

Өз ойынан қайтпайтын, қырсық адам. Бір ашуға мінсе, тыныштандыру өте қиын. Ал райынан қайтару, бірдеңеге көндіру мүлде мүмкін еместің қасы.


Торпақ

Заттар мен адамдарға тез үйреніседі, бауыр басқыш. Сондықтан, олармен қоштасу керек болса, бұл қиынға түседі. Өзін де, өзгені де қайғыртып, негативке толтырып жібереді.


Егіздер

Олардың көңіл-күйі бірқалыпты емес. Өте құбылмалы. Қазір ашуланып тұрса, 5 минуттан кейін күліп жүреді. Күліп тұрып, жылай салады. Өзін де, жақындап кеткенді де эмоциялық әткеншекте әрлі-берлі теңселтіп, бастан кетіреді.


Шаян

Өте сақ. Шектен шыққан деуге де болады. Сондықтан, адам баласына сенбейді. Бәрінен күдіктеніп, әр нәрсенің астарынан бәле іздеп жүреді.


Арыстан

Өте эмоционалды және бәрін драматизациялағанды ұнатады. Оған қоса, айналадағыларды өзінен төмен санайтын тәкәппарлығы бар. Өзін патшадай көріп, басқалар оған қызмет етуге міндетті деп ойлайды.


Бикеш

Тым кірпияз. Бекіткен ереже, белгілеген талап, бұлжымауға тиіс қағидалары көп. Қатені, кемшілікті кешірмейді. Бәрін бетке басып, түзеуді талап етеді.


Таразы

«Мен туралы жаман ойлап қалмасын» деген ойдың тұтқыны. Үнемі басқалардың пікіріне тәуелді. «Біреудің «сенікі дұрыс, алға» дегенін естімейінше, бір адым аттамайды. Барлығына жағуға тырысып, жалпақтап жүреді. Жайылып жастық, иіліп төсек болуды ұят санамайды.


Сарышаян

Интрига жасағанды ұнатады. Сондықтан өмірі шытырман оқиғаға, түсініксіз жағдайларға, пыш-пыш сөздерге толы. Бірақ біреу өзіне интрига жасаса, оны кешіре алмайды. Кектеніп,


Мерген

Ойлау жүйесі ерекше. Креатив пен жаңашылдыққа, тосын шешімдерге толы. Бұл - жақсы қабілет. Алайда, басқалардың ойы өзінікімен сәйкес келмесе, "Сенікі дұрыс" деп құптамаса, мұны қабылдай алмайды. Өз көзқарасын тықпалап, дұрыстығын дәлелдегенше мазаны алады.


Тауешкі

Бүкіл әлем, барлық адамдар өзіне қарсы деп ойлайды. Сондықтан, үнемі сезіктеніп, сақтанып, қорғаныс үстінде жүреді. Ешкімге сенбейді, жақын тұтпайды. Бәрімен алыстан араласып, салқын қабақ танытып, суық қарым-қатынас жасайды.


Суқұйғыш

Мінезі аумалы-төкпелі, ойы құбылмалы. Бірде – көл, енді бірде – шөл. Сондықтан, қандай жағдайда не істеуі мүмкін екенін алдын ала болжау мүмкін емес. Қасында жүрсең, үнемі күтпеген тосынсыйларға дайын болуың керек. Адамдарға, оның ішінде саған да менсінбеушілікпен қарайтынын кешіре алам десең ғана жақын аралас.


Балықтар

Сезімтал, эмоцияға берілгіш. Бұл бір жағынан еш зиянсыз көрінгенмен, шектен тыс болғанда шыдау мүмкін емес боп кетеді. Әр нәрсені жүрегіне жақын алып, бір әсерден көп уақыт бойы шыға алмай жүреді. Өзіне сенімсіздігі де біраз жерде аяғын тұсаулап, емін-еркін жүргізбейді.

Аударған: Керім БЕК,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

АҚЫЛДЫ әлде АҚЫМАҚ: қайсысына жатасыз?