ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Әйелдердің БАСТЫ проблемасы

0
1 082

Бұл әйелдердің барлық мәселесі секемшілдік және қызғаншақтықтан туындайды.


ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Әйелдердің БАСТЫ проблемасы

Жалпы, әйелдердер деген қызық жаратылыс қой. Өміріміз де, өзіміз де күрделіміз. Бізге қиындықсыз күндер қызық емес. Болмай жатса, жоқ жерден проблеманы өзіміз-ақ таба қоямыз. Бұл бізге түкке тұрмайды. Себебі, әрқайсымыздың бойымызда өз жаратылысымызға тән, өмір бойы серік болатын, бір ғұмырға жүк боларлық басты мәселеміз бар.


ТОҚТЫ

Тоқты әйелдердің басты мәселесі – қызуқандылығы және эмоциясын ұстай алмайтыны, асығыс шешім қабылдайтыны. Басқа проблеманың бәрі осы үшеуінен келеді. Бір адамның басын дауға қалдыруға, түсініспеушілік туғызуға, қиын жағдайға ұшыратуға жеткілікті-ақ...


ТОРПАҚ

Нәзік жанды Торпақтардың басын ең жиі қатыратын – бейқамдығы, салғырттығы, шешім қабылдауда көп ойланатыны. Осы әдеттерінің салдарынан көп жерде келіп тұрған мүмкіндікті құр жіберіп алады. Сәттілікті дер кезінде ұстай алмайды. Нәтижесінде қалағанына көп тер төгіп, қанша уақытын сарп етіп жетуге мәжбүр.


ЕГІЗДЕР

Жеңіл ойлылық пен шашыраңқылық, назарын бір нәрседе ұстап тұра алмау – Егіздерді қинайтын осылар. Көбінде ойы да, ісі де жан-жақта шашырап жүреді. Салдарынан бастаған ісін аяқтай алмай, басы дауға қалады. Мақсатына жете алмай, жарты жолда қолын бір сілтейді.


ШАЯН

Тым сезімталдық, эмоциясын, сезімдерін басқара алмау – Шаян әйелдерге тән қасиет. Олармен өмір бойы күрессе де, жеңіп шығуы екіталай. Есесіне, осы қасиеттерінің салдарынан басына түскен біраз мәселені жеңіп шығып, шыңдалады.


АРЫСТАН

Бұл белгі аясындағы ерлер ғана емес, әйелдердің де эгосы басым. Өзін дүниенің кіндігі көреді. Үнемі адамдардың назарына, мақтауына, мойындауына мұқтаж. Амбициясы өте асқақ, айналасындағыларға тым талапшыл. Осы қасиеттерінің бәрі әрдайым кіммен болсын қарым-қатынасында қиындықтар туғызып жатады.


БИКЕШ

Нағыз Бикештер шектен тыс сыншыл, кірпияз, талапшыл болуының салдарынан көп қиындыққа тап келіп жатады. Мінсіздікті, тәртіпті талап етіп, өзіне де, өзгеге де тыныштық бермейді.


ТАРАЗЫ

Таразы әйелдер дау-жанжалды айналып өтуге тырысады, қарым-қатынаста, өмірде гармония орнатуға ұмтылады. Бір қарағанда, бұл проблема тудырмаудың жолы секілді көрінеді. Алайда, осы ұмтылысымен өздеріне қаншама қиындық жасап жатқанын білсе ғой. Дау-жанжал болмасын, гармония бұзылмасын деп, өзгелердің ығына жығыла береді де, өзін ең соңғы орынға қояды. Сондықтан, проблема көбіне олардың ішкі әлемінде туындайды.


САРЫШАЯН

Сарышаян әйелдердің барлық мәселесі секемшілдік және қызғаншақтықтан туындайды. Олар кез келген адамға күдік-күмәнмен қарайды. Сенуге болатынын дәлелдеуді, өзі құрған ережелерге бағынуды талап етеді. Мұндай талаптарға екінің бірі көне бермейтіндіктен, конфликт, проблемаларға негіз болады.


МЕРГЕН

Бұл белгіге жататын нәзік жандылар еркіндікті жақсы көреді, тәуелсіздікке ұмтылады. Бұл жақсы, тек шектен шықпағанда ғана. Тоқтауын білмей, шекарадан асып кететіні бар ғой. Содан басына бәле тілеп ала береді. Еркіндікті аңсауы әсіресе жеке өмірдегі арақатынасқа көп зиянын тигізеді.


ТАУЕШКІ

Жалпы, не нәрседе де тепе-теңдікті сақтаған жақсы. Артық та емес, кем де емес, әр нәрсенің өз өлшемін білсек, шіркін! Білмей қалып жатамыз. Тауешкілердің де бар мәселесінің бастауы – шектен тыс сабырлылық, материалдық дүниеге деген құмарлық. Екіншісінің әсерінен тым жұмысбасты болып кетеді де, жеке өміріне, отбасына, өзіне уақыт қалмайды.


СУҚҰЙҒЫШ

Олар әрдайым елден ерекше болғысы келеді, соған ұмтылады. Бұл қалауына жетпейді емес, жетеді. Бірақ жеткен кезде түсініспеушіліктер басталады. Айналасындағылар түсінбейді, жақындары қабылдай алмайды. Өзгелерге жағу не өз қалауын жасау – екі жағаның біріне шыға алмай, осы нәрседен өмір бойы қиналып өтуі мүмкін.


БАЛЫҚТАР

Тым арманшыл, қиялшыл Балықтарға бүгінгі күннің шындығына көндігу, оны көтеру қиынға түседі. Шынайы өмір оның қиялындағы әлемге мүлде ұқсамайды. Осы сәйкессіздік Балықтарды біраз қинайды.

Аударған: А. Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Өміріңіз мәнді, бақытқа толы болуы үшін қажет 3 ереже