​ЖҰЛДЫЗЫҢЫЗ бір, бірақ ЕКІ ТҮРЛІсіздер ме? Бәріне кінәлі – ТУҒАН АЙЫҢЫЗ

0
3 018

Бір белгіге жатқызылғанымен, екі түрлі айда туғандықтан, мінез-құлқында айырмашылық болады екен.


​ЖҰЛДЫЗЫҢЫЗ бір, бірақ ЕКІ ТҮРЛІсіздер ме? Бәріне кінәлі – ТУҒАН АЙЫҢЫЗ

Астрология ілімінде адамдарды дүниеге келген күніне қарап жұлдызбелгі аясына жатқызатыны және жұлдызына қарап, мінез-құлқына сипаттама беретіні белгілі. Алайда, әр белгінің аясындағы күндер екі айға тиесілі. Мәселен, Тоқты белгісіне наурыздың соңғы он шақты күні мен сәуірдің бастапқы жиырма екі күні кіреді. Көптеген астроболжамдарда осы жағы ескеріле бермейді. Асылында, бір белгіге жатқызылғанымен, екі түрлі айда туғандықтан, кей адамдардың мінез-құлқында айтарлықтай айырмашылық болады екен.


ТОҚТЫ

Наурызда туғандар: байсалды, бала көңілді, кей ісі шалағай келеді. Өз шамасын біледі, энергиясын сақтай және орнымен жұмсай алады.

Сәуірде туғандар: жауапкершілігі жоғары, көздегеніне жетпей тынбайтын қасиетке ие. Кейде онысы қырсықтыққа айналып кетеді.


ТОРПАҚ

Сәуірде туғандар: қызуқанды, еңбекқор. Әдетте Торпақтар энергияға толы болмайды. бірақ сәуірде туғандар осы жағынан ерекшелікке ие, энергияға толы жандар.

Мамырда туғандар: интеллектісі жақсы дамыған, қарапайым, тумысынан зиялы жан.


ЕГІЗДЕР

Мамырда туғандар: көпшіл емес, көбіне оңашалықты жақсы көретін интроверттер, сан салаға қызығушылығы бар, өткір ойлы.

Маусымда туғандар: көпшіл, адамдармен тез тіл табыса алады, тартымды, сөзге шешен.


ШАЯН

Маусымда туғандар: әртістік қабілеті басым, бейбітшілікті жақтайды, әлеуметтік ортада белсенді, көпшіл.

Шілдеде туғандар: қызуқанды, талабы жоғары, қалауы көп, ойлау өрісі кең, өз пікірінен оңайлықпен қайтпайды.


АРЫСТАН

Шілдеде туғандар: Эмоцияға берілгіш, бәсекелескенді жақсы көреді, ортада бірінші боп көзге түседі.

Тамызда туғандар: ойлы, әр нәрсені саралап-салмақтай алады, көбіне эмоцияға емес, ақыл-ойдың жетегіне ереді.


БИКЕШ

Тамызда туғандар: жинақы, ұқыпты, кейде тіпті перфекционист, моральдік құндылықтарды жоғары қояды.

Қыркүйекте туғандар: дана, көреген, тұйық, көпшіліктің соңынан еріп кетпейді, әр нәрсеге өзіндік көзқарасы, пікірі бар, өзінің шындығына ғана сенеді.


ТАРАЗЫ

Қыркүйекте туғандар: тұрақты, салмақты, асқан ақыл иесі, бәрін алдын ала өлшеп, болжап жүреді.

Қазанда туғандар: тіл табысуы жеңіл, көңілді, тартымды, бәріне сүйікті жан. Өмір жолында көбіне сәттілік серігі болады.


САРЫШАЯН

Қазанда туғандар: позитивті, ашық адам. Әзілқой, белсенді, көпшіліктің ортасында уақыт өткізгенді ұнатады.

Қарашада туғандар: тұйық, кез келгенге сенім арта бермейтін, қызуқанды жан. Мықты ішкі күшке ие, соның арқасында өзгелерді өзіне магнитше тартады, соңынан ерте алады.


МЕРГЕН

Қарашада туғандар: эмоцияға берілгіш, қызуқандылау, мақсатқа ұмтылғыш жан. Бір орында тұрақтап қалғанды ұнатпайды, үнемі алға ұмтылады. Достары өте көп.

Желтоқсанда туғандар: өзінің және өзгелердің ішкі әлеміне үңілгенді жақсы көреді, философиялық ойлай қабілетіне ие. Шығармашыл, өзгеше жан.


ТАУЕШКІ

Желтоқсанда туғандар: сезімтал, креативті, өзгелерден оқшау тұратын дара тұлға. Көп уақытын өзімен-өзі оңашада өткізеді.

Қаңтарда туғандар: өзіне сенімді, әлеуметтік ортада өзін барынша жақсы жағынан, көшбсшылық қсиеттерімен көрсете алатын тұлға.


СУҚҰЙҒЫШ

Қаңтарда туғандар: белсенді, жаңа адамдармен танысқанды, қарым-қатынас орнатқанды жақсы көреді, шығармашылыққа жақын, талғампаз жан.

Ақпанда туғандар: әрқашан өз-өзін сынға алып, өз әрекеттеріне баға беріп жүреді. Өзін жақсы тани алатын, шынайы дос бола алатын адам.


БАЛЫҚТАР

Ақпанда туғандар: терең ойлы, түсінігі мол, алғыр, мейірімді, өзгелердің сезімдерін, эмоциясын өзінікіндей сезіне алады.

Наурызда туғандар: өзіне сенімді, не керегін, не қалайтынын жақсы біледі. Өте тартымды, өзгелердің назарын өзіне аудартқанды ұнатады.


Сіз қай белгіге жатасыз? Қай айда дүниеге келдіңіз? Болжаммен келісесіз бе?

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ҚАН ТОБЫҢЫЗ бен МІНЕЗІҢІЗДЕ қандай байланыс бар

ПИФАГОР ПСИХОМАТРИЦАСЫ: туған күніңіз бойынша толық болжам