​Еркектің төсекте қандай екенін білдіретін 5 әрекеті (21+)

0
28 152

«Ер мұрынды келеді...», «аяғы ұзындар нағыз...» деген сияқты кеңестерді естіген боларсыз, ә?! Оны қоя тұрыңыз.


​Еркектің төсекте қандай екенін білдіретін 5 әрекеті (21+)

иллюстрациялық фото: sunhome.ru

Бірден келісіп алайық, бұл кеңес көбіне ер-азаматты көп таңдап, әр қылығына, тіпті «төсектегі ойынына» да мән беретіндерге арналған. Сондықтан, «не жазып отырсың, жастарға берер тәрбие...» деген сияқты сөздермен «атып тастамай» тұрып алдымен өзіңіз де оқып алыңыз.

«Ер мұрынды келеді...», «аяғы ұзындар нағыз...» деген сияқты кеңестерді естіген боларсыз, ә?! Оны қоя тұрыңыз.

Кездескелі отырған, көңіл жарастырғалы тұрған жігітіңіздің мынадай 5 әрекетіне мұқият назар аударсаңыз, адаса қоймайсыз.

Қалай тамақ жейді?

Таңдауыңыз бір жігітке түсті делік. Тұрмысқа шыққыңыз-ақ келеді, бірақ оның әрі қарай қандай адам болып шығарын білмейсіз. Ендеше, оның әрбір әрекеттеріне жіті назар аударуыңыз керек-ақ.

Мәселен, тамақтануға барғанда оның асты қалай жейтініне байқатпай ғана назар аударып отырыңыз. Ол қасықты әрбір аузына салғанда тамсанып, оны жұтқанша асықпай шайнап, тамақтанудан ерекше ләззат ала отыра ма?

Демек, сізбен кездескен сайын да «тамасанатын» болады.

Ас ішкенде әңгіме айтуға құлықсыз ба? Ендеше, тіпті керемет! Басқасын былай қойғанда, төсектегі шаруаға келгенде ол ісіне өте ұқыпты болатындардың қатарынан.

Ал тамақты асығыс ішіп, алдына не келсе, соны «ора» беретін еркектер әдетте төсекке де солай қарайтын көрінеді. Ыңғайына қалай келсе, солай, тіпті, әйелдің жағдайы мен көңіл-күйі де қызықтырмауы мүмкін деседі осыны әбден зерттегендер.

Не ішеді?

Тамақ жағын айттық. Ендігі мәселе, оның қандай сусын таңдайтынында.

Егер жігітіңіз кездескен сайын ерекше қоспалары бар коктейль немесе арнайы аспаз дайындаған сусындарға тапсырыс берсе, төсекте де ерекше әрекеттерді ұнатып қана қоймай, оны орындайтынның қатарынан.

Ақ шарап ішетіндер – төсек қатынасына суықтау қарайтын болса, қызыл шарапты қызуқандылар таңдайтын көрінеді.

Абайлағанда, мартини немесе соған ұқсас «былжыратып салатын» ішімдікті таңдайтындардан байқау керек. Олар төсекте де «былжырап» қалуы мүмкін.

Ал көбіне сыраны таңдайтындар – әзілдеуге келгенде қатырғанмен, төсек қатынасында әлі «бала» деуге болады. Сонымен қатар, көбіне сыра ішсе, әлеуметтік жағдайының да оңып тұрмағаны.

Ақшаны қалай жаратады?

Қателеспеңіз, төсекте әрекеті қалай болса, оның қалтасының қалыңдығы да сондай деген қағида жоқ. Бұл жерде оның ақшаға деген көзқарасы қандай? Соны байқау керек.

Егер сіз мейрамханада отырып өзіңіздің қалаған қымбат мәзірге тапсырыс бергенде ол сабырлы қалпынан айнымаса (қалтасы оны көтермесе де), төсекте де қандай жағдай болмасын, саспайды. Кез келген мәселені шешіп тастайтын ұстамды жан болғаны. Мұндай еркектер таңдауға тұрарлық.

Ал тапсырыс бергеніңізде көздері жыпылықтап немесе әзілдеп болса да қалтасының жетпейтіндігін айтып жатса, ондайлар төсекті де жарытпайды.

Өзінің тәніне қалай қарайды?

Спорттық үлгідегі, бұлшықеттері буырқанып, тасып тұратын еркектер көптеген әйелдерге ұнайды. Әлбетте, өзіне қарайтын, тәнін қалыпта ұстайтындарды ұқыпты деуге болады. Бірақ, төсекте емес...

Денесінің әрбір бұлшықетін айнаға қарап зерттеп, бәрін тастап фитнес залда жиі уақытын өткізетіндер әдетте төсекте «қатырмайды». Олар өзімшіл жәні тек өз ләззатын ойлап, әйелдің қанағатын мүлде ойламауы мүмкін.

Еркектердің қарындыларынан гөрі сымдай тартылғандары әйелмен қарым-қатынаста көп біледі. Бірақ, спортты қуғандар емес.

Сонымен қатар, еркектің белі 90 см-ден асса, оларды да «төсекте керемет» деп айтуға болмайды дейді зерттегендер.

Бірінші кездесуде не айтты?

Алғашқы кездесуде-ақ еркектің емеуріні мен оның қандай «еркек» екенін біліп алуға болады.

Ол үшін алғашқы күннің әңгімесін еске түсіріңіз. Оқыған кітаптар, саяхаттар, көрген фильмдер... Егер жігіт осының барлығын сұрап, өзі турасында да айта отырса, демек сізді жіті зерттегісі келгені. Сонымен қатар, сіздің де төсекте қандай екеніңізді зерттеп отырған болуы мүмкін.

Ондайлармен төсекте де проблема болмайды. Себебі, өзі турасында алғашқы кездесуде-ақ ашық айта алғандар төсектегі бірінші жақындықта да ештеңеден қаймықпайды.

Бірақ тым білгіштерден де абай болған дұрыс. Егер әңгімесі тым көбейіп, өзі турасында ғана айтып кетсе, сонымен қатар, сіздің әңгімеңізді бұза берсе, төсекте де тек өз дегенін жасатқысы келетіндер болады.

Дереккөз: cosmo.ru

Дайындаған: Жайнаған Байтұрым.