Ер адам мен әйел ішімдік ішіп отырып жанжалдасып қалған.
Фото: Рixabay.com.
ERNUR.KZ. Алматы облысындағы Бәйдібек ауылында бірге тұратын еркек пен әйел ішімдік ішкен. Әңгіме барысында екеуінің арасында жанжал туып, соңы жантүршігерлік оқиғаға әкеп соқты, деп жазады stan.kz.
Ер адам мен әйел ішімдік ішіп отырып жанжалдасып қалған. Ақырында ер адам бірге тұратын сүйіктісінің үстіне жанармай шашып, өртеп жіберген.
“Полиция денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді Алматы облысының полиция департаменті Меруерт Морякова.
Зардап шеккен әйел II-дәрежедегі күйікпен ауруханаға жеткізілді.