Райымбек Баталов валюта бағамы жайында: Тауарлардың бағасы өседі

0
460

Осы орайда «Атамекен» ҰКП басқармасының төрағасы валюта бағамына қатысты пікір білдіретін сарапшы еместігін, сондықтан болжам жасау орын болатындығын атап өтті.


Райымбек Баталов валюта бағамы жайында: Тауарлардың бағасы өседі

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

ERNUR.KZ. «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов доллар бағамына қатысты пікір білдірді, деп жазады inform.kz.

«Әрине, біз көптеген тауарлар мен жиынтықтардың өптеген жеткізілімі бойынша бағамға тәуелдіміз. Бірақ, жалпы алғанда қайғыратындай ештеңе қатты жүріп жатқан жоқ. Бұл түсінікті де. Алайда, екінші жағынан бұл өте сезімтал жайт. Сондықтан қарайтын боламыз. Меніңше, біз Үкіметпен бірге пысықтап жатұан қазақстандық қамту үлесін арттыру жөніндегі бағдарлама бар… Өндіріс үлкен болған сайын бағамның ықпалы да аз болады», — деді ол елордада өтіп жатқан АӨІСШК Іскерлік кеңесінің 7-отырысы аясында.

Осы орайда «Атамекен» ҰКП басқармасының төрағасы валюта бағамына қатысты пікір білдіретін сарапшы еместігін, сондықтан болжам жасау орын болатындығын атап өтті.

«Біз бизнес ретінде бұл жағдайға бейімделетіндігімізді атап өткім келеді. Дегенмен, егер бағам арта беретін болса, онда барынша ауыртпалық болары сөзсіз. Экспорттаушыларға бұл жақсы. Ал бір нәрсе өндіретін, өңдейтін, импорт шикізат пен жиынтықтар алатындар үшін қиын. Мұның соңғы өнімге қалай әсер ететіндігіне келсек, тауарлардың бір бөлігінің бағасы өседі, тауарлардың тағы бір бөлігінде тұрақтайды», — деді Райымбек Баталов.