​Порнотәуелділікке шалдыққан жоқсыз ба?

0
6 413

Порнотәуелділік бірнеше кезеңнен тұрады. Мұндай әдет бірден пайда бола салмайды.


​Порнотәуелділікке шалдыққан жоқсыз ба?

18 жастан асқаннан кейін порнофильмдерді көруге рұқсат. Мұны ересектердің бәрі біледі деуге болады. Бірақ та порнофильмерді көруге қатты әуестенбеу керек дейді мамандар. Егер мұндай видеоларды жиі көретін болсаңыз, оның салдары алкоголь мен темекіге, тіпті, нашақорлыққа әуестікпен пара-пар болары сөзсіз. Ал, ер адамдарда порнофильмдерге әуестену стрестің әсерінен туындайды екен.

Түрлі сайттарда жарияланатын суреттер мен видеолар еркек пен әйелдің сезімдерін оятып, қажеттіліктерін өтеуге көмектеседі. Сонымен қатар, осындай көріністерге тәуелділікті арттыратын кері әсері де бар көрінеді.


Ең алдымен порнотәуелділіктің қанша кезеңнен тұратынына тоқталып өтейік.

  • Бастапқы кезеңде мұндай порноконтент жайлы ойламайсыз. Жылына 1-2 рет көрсеңіз ғана сіз порно жайлы ойлауыңыз мүмкін.
  • Порнотәуелділіктің екінші кезеңі ең әлсіз түрі деуге болады. Порнофильмдерді сіз енді жай ғаламторды ақтарып отырып көріп қалмайсыз. Жатын бөлмеге кірерде осындай контент көруді ой елегінен өткізетін боласыз. Сөйтіп, арнайы сайттарға кіріп, порноларды жылына 5-6 рет қарай бастайсыз. Осылайша қаралым саны арта түседі.
  • Порнотәуелділіктің келесі кезеңінде шек болмайды. Бұл кезеңде порнофильмдерді көруге тәуелділік айтарлықтай өседі. Мысалы, айына 1-2 рет қарауыңыз да ғажап емес. Ойыңызда үнемі порноконтенттер жүреді әрі қызықты порнофильмдерді іздеуге көшесіз.
  • Порноға тәуелділіктің дамыған түрінде кез келген еркек не әйел порноконтентті айына бірнеше рет көретін болады. Бұл уақытта ол қай фильмді қандай сайттан іздеу керектігін, қызықтылары қандай сайттарда бар екенін жақсы біледі.

Осылайша соңында сіз 18+ фильмдердің тұрақты көрерменіне айналасыз. Тіпті, аптасына 3-5 рет порно көруден жалықпайтын жағдайға жетесіз. Физикалық тұрғыдан да, психологиялық тұрғыдан да зардап шегесіз. Соңында адамның миы осы нәрсені ғана қалап, үнемі көруден жалықпайды. Сонымен бірге порно көрмесе қоза алмайтын жағдайға жетеді. Порно мұндай адамдар үшін жәй ғана қызығушылық емес, өмірінің бір бөлігіне айналады. Себебі олар басқа тірлікке қалай уақыт бөлсе, бұл нәрсеге де дәл солай күнделікті уақытын арнайтын болады.

Осындай жағдайға тап болуды қаламасаңыз, порно тәуелділікке бой алдырмаңыз. Жылына 1-2 рет көрудің өзі жеткілікті. Ал, қызығушылық бұдан да арта түсетін болса, дер кезінде өзіңізді тоқтата біліңіз.


Порнотәуелділіктің себептері мыналар болуы мүмкін:

  • Ер мен әйелдің бірқалыпты жыныстық қатынасқа түсуі;
  • Көру арқылы рахаттануға тәуелділіктің артуы;
  • Әйелінің тым қарапайым болуы;
  • Өзінің қалауын айта алмауы;
  • Романтикалық сезімдердің өшуі.


Порнотәуелділіктен арылудың жолдары

Порнотәуелділіктен арылуға көп уақыт қажет. Мұндай зиянды әрекеттен құтылу үшін айналасындағы адамдардың көмегі керек. Кез келген адам басқа аурулармен қалай күрессе, бұл әдетпен де солай күресуге тура келеді. Ол үшін көп төзім мен шыдамдылық, сабырлылық керек.

  • Ең бірінші өз-өзіңізді қолға алуды үйреніңіз. Порнотәуелділік ішкі қалаудың әсерінен туындайтындықтан сезімге берілмеуді үйреніңіз. Видеоны көруді ойлаған сәтте өз-өзіңізге былай деп сұрақ қойыңыз: Мен неге бұлай жасап жатырмын? Порно көргенде қандай сезімде боламын? – деп көріңіз. Осыншалықты зиянды киноға берілуге бола ма? Мұндай фильмдер сіздің құрбан болған уақытыңызға тұра ма? Осы жағын да ой елегінен бір өткізгеніңіз дұрыс.
  • Содан соң ұялы телефоныңыздағы порнофильмдердің ссылкасын, кез келген порноға апаратын электронды байланыстарды үзіңіз.
  • Өз бөлмеңіздегі компьютерді қонақ бөлмеге шығарып, ғаламторды өшіріп тастаңыз. Сондай-ақ, порнографиялық суреттерге толы журналдар мен газеттерді қоқысқа тастаңыз.
  • Порнотәуелділіктен арылуға хобби жақсы көмектеседі. Өзіңізге ұнайтын іспен шұғылданып, комедиялық фильмдер көрсеңіз болады. Ең бастысы өз қателігіңізді дер кезінде түсініп, тоқтай білсеңіз, бәрі де орнына келері сөзсіз.

Дайындаған: Жайна ТЫНЫШБЕК,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Еркектің көзге шөп салуына ӘЙЕЛ КІНӘЛІ МЕ?


Ұмытылмас түн сыйлайтын "ФИШКАЛАР"