Жаңа қарым-қатынасқа дайын еместігіңізді білдіретін 7 іс-әрекет

0
5 762

​Сүйіктісімен айырылысып, басқа адаммен қарым-қатынас орнатуға батылы жетпей жүргендерге арналады.


Жаңа қарым-қатынасқа дайын еместігіңізді білдіретін 7 іс-әрекет

Көктемде айнала көкке, әсем гүлдерге оранып, ағаштар бүршік жара бастайды. Әйелдер қауымы да дәл солай құлпырып, ашыла түсетіні белгілі. Көктем тек нәзікжандыларға ғана емес, еркек кіндіктілерге де әсер етпей қоймайды. Үйленуге де нақ осы кез қолайлы.

Өмірлік жар таңдау өте қиын. Дегенмен, қателеспеген дұрыс. Егер сіз өз бойыңыздан мына нәрселерді сезінсеңіз, онда әлі де жаңа қарым-қатынасқа дайын емеспін дей беріңіз. Ендеше кеттік, сіздің сезімдеріңізді саралап көрейік.


Біреуін таңдай алмай жүрсіз

Сізге ұсыныс жасаған немесе сіз ұнататын үміткерлер баршылық. Оларды салыстырамын деп басыңыз қатып, әбден шаршап та кеттіңіз. Бұлай істесеңіз сіз өз-өзіңізге қиянат жасайсыз. Ол үшін таңертең ұйқыдан оянғанда немесе демалыстан келгенде жақсылап ойланып көріңіз. Сонда сіз бұл жай ғана өткінші сезім екенін түсінетін боласыз.


Өмірлік жұбыңыздың дәл осы адам екеніне сенбейсіз

Осы жанның өмірлік жарыңыз екеніне сенбейсіз немесе қорқақтайсыз. Сол себепті де кездесіп жүрген жанмен арадағы қарым-қатынасты біраз уақыт үзе тұрыңыз. Сонда ғана оның сізге нағыз жар болатынын не болмайтынын түсінесіз. Қорқынышыңыз шын мәнінде «бұл сіздің адамыңыз емес» дегенді білдіруі де ғажап емес.


Сіз сүйіктіңізден көп нәрсе күтесіз

Сіз болашақ күйеуіңіздің немесе әйеліңіздің әдемі әрі бойында бір мін болмағанын, оның бар талабыңызға сай болғанын қалайсыз. Алайда бір адамның бойынан барлық жақсы қасиеттерді табу мүмкін емес. Егер солай бола қалса, оның өтірік сөйлегенін байқайсыз немесе ол адамның жүйкесі сыр берген деп біліңіз.

Керісінше қандай да бір кемшіліктерін байқайтын болсаңыз, ол жанның өзіңізге лайықты екеніне сенімді болыңыз. Өйткені мінсіз адам дәл өзі сияқты адамды іздейтінін ұмытпаңыз. Яғни, өз кемшіліктеріңіздің бар екенін есте ұстау керектігін ескертеміз.


Ұстанымдарыңыздың бір болғанын қалайсыз

Әр адам сүйіктісінің өзінің ойымен, жасаған іс-әрекетімен, жақсы көретін дүниелерімен сәйкес келуін армандайды. Бәлкім, сіз де дәл осындай қиялмен жүрген боларсыз. Алайда жүз пайыз екі адамның бір-біріне сай келуі мүмкін емес. Мысалы, сіз саяхаттағанды жақсы көретін болсаңыз, ол мұндай саяхаттарды ұнатпауы мүмкін. Бұлай болуы шарт та емес. Керісінше екі адамның екі түрлі нәрсені ұнатқаны, қалағаны дұрыс. Әйтпесе бір нәрседен жалығып кетесіздер.


Кездесуден арыға бармайсыз

Үйленуге немесе тұрмысқа шығуға асықпайсыз. Мұның бәрінен қашқақтайсыз. Тек қана кездесуге барасыз. Одан әрі ештеңе болуы мүмкін емес. Мұндайда өзіңіздің бір адамнан жалыққаныңызды немесе басқа жанды қалайтыныңызды түсінесіз. Себебі, сіз ол жанды шын сүйетін болсаңыз, отбасын құруды кейінге қалдырмайтын едіңіз.

Егер сіздің басыңыздан осындай жағдай өтіп жатқан болса, психологқа баруға кеңес береміз. Психолог сіздің ойыңызды жинақтауға, дұрыс шешім қабылдауыңызға көмектеседі.


Бұрынғы жүрген адамыңызды ойлай бересіз

Болашақ жарым деп ойлайтын адамыңызды бұрынғы жүрген жігітіңізбен не қызыңызбен салыстырудан жалықпайсыз. Осындай ойдың әсерінен сіз қарсы алдыңызда тұрған жанның өмірлік жолдас болатынын сезбеуіңіз де мүмкін. Сондықтан да бұрынғыны ұмытып, жаңа өмір бастауға талпыныңыз.


Өзіңізге лайықты адамды тапқыңыз келеді

Таңдау әр адамның құқығы, әрине. Дегенмен «таңдаған тазға жолығадының» кебін киіп жүрмеңіз. Көп таңдау жасаудың қажеті жоқ. Бір-біріңіздің жаныңызды түсініп, әңгімелеріңіз жарасатын болса нағыз бақыт сол.

Ендеше бойыңыздағы осындай сенімсіздіктерді жойып, ертерек жаңа қарым-қатынастан нәтиже шығарғаныңыз дұрыс.

Дайындаған: Жайнат Тынышбек,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Әйелдердің ТӨСЕККЕ қызығушылығы неліктен төмендейді?


Еркектің көзге шөп салып жүргенінен хабар беретін 7 белгі