Шымкент Жастар театры алғашқы қойылымымен көрермен ықыласына бөленді

0
364


Шымкент Жастар театры алғашқы қойылымымен көрермен ықыласына бөленді

Шымкент қаласында құрылған Жастар театрының көптен күткен алғашқы қойылымы сахналанды.

Шынайы өмірден алынған оқиғаларға негізделген, өзекті әлеуметтік мәселелерді көтеретін туынды көрермендер көңілінен шығып, жүректерге жол тапты.

Қойылым барысында көрермендер отбасылық құндылықтарды қайта саралап, нашақорлық сынды қоғам дертіне бей-жай қарамауға үндейтін сахналық көріністерден әсер алып, терең ойға батты. Ұлттық салт-дәстүрімізді, қазақы болмысымызды дәріптеген көріністер жастардың жүрегіне жол тауып, көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды.
Бұл – Шымкент Жастар театрының алдағы шығармашылық жолындағы үлкен бастамасы, алдағы уақытта да театр құрамы шеберліктерін шыңдап, қала халқы мен қонақтарына үздік қойылымдарын ұсынатын болады.
Бөлісу