​Жыныстық қатынасты ҚАЛАМАЙСЫЗ ба? «Тәбет ашатын» 7 тәсіл

0
11 408

Шаршадыңыз... Стресс... Бала-шаға... Уақыт жоқ... Жұмыс...


​Жыныстық қатынасты ҚАЛАМАЙСЫЗ ба? «Тәбет ашатын» 7 тәсіл

Әйелдің жыныстық қатынасқа деген қалауы жоғалып кететін тұрлі себептері бар. Үй шаруасынан бастап, бала-шағаның күтімі, тәрбиесі мен тазалығы, жұмыс және т.б. жағдайлардың бәрі де төсекке деген ықыласын ұмыттырып-ақ жіберетіні жасырын емес. Бірақ онсыз да болмайды, стерсс үстінен күйзелісті жамап алып, мүлде қиындыққа душар болуы да мүмкін.

Не істеу керек?


Ендеше, мына төмендегі ең қарапайым 7 кеңеске құлақ асқаныңыз болар.


ДЕНСАУЛЫҚТЫ дұрыстаңыз!

Арқа құрысып, іш кеуіп, анда-санда қан қысымы көтеріліп кетсе (одан басқа жайсыздықтар), демек мүлде өзіңізге көңіл бөлмейсіз. Мұндай жанның төсек ләззатына деген қандай «тәбеті» болсын?! Таңертең төсектен қинала тұрып, әзер дегенде ұйқыны ашқанда түнде мүлде ұйықтамаған адамның күйін кешкендей боласыз ба?

Төсекке деген қалауыңыздың жоғалып кетуі де сол себептен болуы мүмкін. Кейбір аурулардың бас көтеруі ең алдымен гормондық жүйенің істен шығуына әкеп соққанда үнемі ұйқысы қанбаған адамның кейпін сезінесіз. Үнемі шаршап жүру де соның белгісі болуы ықтимал.

Тез арада анализ тапсырып, дәрігерге қаралған абзал мұндайда.


АСЫҒЫС болатын жыныстық қатынас

Таңертең ерте тұру керек, жұмыс, бала-шағаны мектеп пен балабақшаға апару керек. Сол себепті ертерек ұйықтаған дұрыс...деп санаймыз көбіміз.

Бірақ жыныстық қатынасқа да аз да болса дайындық керек екенін ұмытамыз. Тез-тез... Апыр-топыр... Болу керек пе, болу керек... Сосын біраз уақыттан соң «қалауым жоғалып кетті, неге бұлай болды?» деп бас қатырамыз.

Жыныстық қатынасқа да дайындық керек дедік қой. Оның да аздап кіріспесі болуы керек шығар?! Еркелеу, аймалау, сүйкену, ояту, қоздыру... Мұның бәрі қайда қалды? Бұлардың барлығы да жыныстық қатынастан (тікелей мағында) гөрі адамға әлдеқайда көп әрі ерекше сезім сыйлап, күш беретінін ұмытып кете берміз. Денсаулыққа да жыныстық мүшелердің бір-біріне жақындасу ғана емес, осынау айтылғандардан болатын ағзаның рахаттануы, сол арқылы бөлінетін гормондар керек екенін естен шығарып ала береміз.

Сүйісу, аймалау, еркелеу мен жай құшақтасып жатудың өзі жыныстық қатынасқа деген тәбетті ұдайы ашып тұратынын естен шығармаған жөн.

Жыныстық қатынаста ТАМАҚТАНУДЫҢ да маңызы бар

Тамақтану – ағзаға келіп түсетін пайдалы заттардың қайнар көзі екені белгілі. Ағза да соған қарай бейімделеді, энергия алады.

Статистикаға сүйенсек, адамдардың жыныстық қатынасқа деген құмарлығы жазда артады екен де, керісінше, қыс мезгіліне қарай кеміп кететін көрінеді. «Желдің қайдан тұрғанын» байқадыңыз ба?

Жазда түрлі пайдалы көкөністер мен жеміс-жидектер көп. Яғни, ағзаға түсетін пайдалы заттар да жеткілікті әрі төсекке де әсері зор. Ал қыста азаятын болғандықтан жылы көрпеге оранып ұйықтай салғыңыз кеп тұратыны да сол жаздағыдай тамақтанбаудан болуы әбден мүмкін. Демек, тағам мәзірін байыту керек деген сөз.


Соңғы рет ҚАШАН ДЕМАЛДЫҢЫЗ?

Өзіңіз үшін осы сұраққа жауап беріп көріңізші...

Еңбек демалысының өзін үйді күрделі жөндеуден өткізу үшін алдыңыз, солай ма? Одан басқа жұмыс күндері оятқышты баса салысымен таңғы ас, бала-шаға, жұмыс, қайтарда әрқайсысын ала кету, түстен бастап «кешкі асқа не істесем?» деп ойлану, ыдыс-аяқ, кір жуу, ара-тұра қонақ бар. Тіпті, сенбі-жексенбінің өзі сонымен кетіп қалатыны жасырын емес қой?!

Күн тәртібіңіз тап осындай болса, онда төсекке деген құмарлығыңыздың «өшіп қалуы» сізге берілген дабыл деп қабылдағаныңыз жөн шығар. Ол деген сөз сіздің моральды да физикалық тұрғыдан әбден шаршағаныңыздың белгісі.

Иә, таңғалмаңыз! Үй шаруасы немесе жұмыс деп өз өміріңізді құрбан еткеннен бірдеңе ұтасыз ба? ЕШТЕҢЕ де!

Әр әйелдің тәуліктегі тәртібі 8/8/8 болуы тиіс. 8 сағат – ұйқы, 8 сағат – жұмыс және 8 сағат үй мен бос уақыт, қалауымен айналысуы керек.

Әйелдерді БӨКСЕСІНЕ қарап ТӨСЕКТЕ қандай екенін білуге болады

ФИГУРА немесе сыртқы сымбат

Әйел үшін бұл айнымас қағида іспеттес. Егер айнадан өзіндегі титтей ғана кемшілікті байқаса болды, ол үшін қара аспан айналып жерге түскендей күй кешетіні рас. Сыртқа білдірмесе де, іштей уайымға салынады. Төсекте ұялу, ыңғайсызданудың соңы тіпті теріс қарап жатуға алып келетіні рас.

Ал сымбаттың бұзылуына не себеп? Жүкті еткен күйеу, туылған бала ма? Жоқ, әрине! Уақытын дұрыс жоспарламаған және дұрыс күтінбеген өзі кінәлі.

Әдемілік бар жерде төсек ләззатына деген құмарлық та бой көтеріп тұрады. Өзіңізге қарауды бастағаннан бастап төсек қатынасына деген құмарлығыңыз қайта оралып, көрпе астынан сығалап тұрса, таңғалмаңыз.


Өзіңізге өзіңіз ПСИХОАНАЛИЗ жасаңыз

Жыныстық қатынасқа деген құмарлықтың жоғалып кетуіне бірнеше себеп бар. Ал оны өзіңіз де анықтай аласыз.

Алдыңызға қағаз бен қаламсап алып, жазыңыз. Төсекте тоят табу үшін қандай жағдайлар сізге кедергі келтіріп жүр?

Балалар ма?

Шиқылдап кететін ескі кереует пе?

Мүмкін, дөрекі қимылдайтын күйеуіңіз шығар?

Сыртқы сымбатыңыздан ұяласыз ба?

Бір жеріңіз ауыра ма?

Бәрі-бәрін жазыңыз да, енді тұсына шешімі қандай болуы керек екенін түртіп шығыңыз. Қалай? Бәрін де шешуге бола ма екен?

Дөрекілік танытатын еркекке айтып түсіндіруге, ескертуге болады. Балаларды ата-әжесіне аттандыруға немесе ертерек ұйықтатуға болады. Денсаулық болса, түзеу керек. Фигураның артық-кем жерін күзеу керек.

Бұл тек төсекке деген құмарлығыңызды қай оралтып қана қоймай, әрі қарай өмір сүруіңізге де жеңілдік сыйлайтынын білесіз бе? Тек мәселені шешсеңіз болғаны. Кезекпен, жаймен ғана... Бәрі бірден бола қоймайтынын де ескеріңіз.

Міне, осылайша ешкімнің кеңесіне, арнайы маманға жүгінбей-ақ, өзіңізге өзіңіз психолог бола аласыз. Есесіне қаншама мәселеңізді шешесіз.

«Бітіре алмаған» ЕРКЕККЕ ӘЙЕЛІ көмектесе алады


МУЗЫКА тыңдаңыз

Кейбір әйелдер музыканы ұната бермейді. Бірақ жүрекке жетпейтін музыка жоқ, тек талғамын тап баса білсе болғаны.

Өзінің шынайы ұнататын (мейлі, оны басқалар ұнатуы міндет емес) музыкасын тапса, сол арқылы да жанын емдеп, жүйкесін тыныштандыра алады. Егер ондай музыканы арнайы дайындық жасап, алдағы жоспарлы «түнге» арнаса, тіптен керемет! Ұанп жатса, эротикалық қалауыңызды оятатын музыканы тыңдау да ұят емес. Тек жеке өзіңіз ғана тыңдауыңыз керек.

Жас кезінде музыкаға әуес болмағандар кем де кем. Сондықтан, сол сәттегі музыкаларды тауып алсаңыз да, артық болмас.


Бұл кеңестерге құлақ ассаңыз, шын мәнінде қабылдап, орындай алсаңыз, жұбайлық өмір де, «көрпеасты» шаруаңыз да реттеліп, әр күніңізге де елеулі өзгеріс енетініне сеніңіз.

Дайындаған: Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ