12 мен 15 жас аралығындағы балаларға екпе салынады

0
989

Израиль вакциналаудың екінші кезеңіне дайындалып жатыр.


12 мен 15 жас аралығындағы балаларға екпе салынады

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың мәлімдеуінше, бұл жолы 12 мен 15 жас аралығындағы балалар екпе салдыруы тиіс. Олар АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек әкімшілігі мақұлдаған вакциналарды қолданбақ, деп жазады 24.kz.

Аталған мекеме балаларға егуге Pfizer және BioNTech препараттарын ұсынған болатын. Қазірге дейін жасы 16-дан жергілікті тұрғындардың 81%-ке жуығы Pfizer екпесінің 2 бірдей дозасын қабылдаған.

Сарапшылар балалар мен жастарды жаппай вакциналау ұжымдық иммунитетке қол жеткізуде маңызды қадам деп есептейді.

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

- Pfizer және Moderna компанияларымен Израиль азаматтары үшін 16 миллион доза алу бойынша келісімшартқа қол қойдық. Арада 6 ай өткенде вакциналаудың жаңа науқанына қызу әзірлік жасап жатырмыз. Балаларды дайындай беріңіздер.