2020 жылдан бастап әншілер тойларда келісімшарт арқылы ғана өнер көрсетеді

0
1 444

Парламент той-жиындар мен басқа да шараларды өткізуге байланысты арнайы заң қабылдады.


2020 жылдан бастап әншілер тойларда келісімшарт арқылы ғана өнер көрсетеді

ERNUR.KZ. Қоғамдағы орын алып жатқан түрлі той-жиындарында келеңсіздіктер мен ысырапшылдықты жою мақсатында Өзбекстан Парламенті той-жиындар мен басқа да шараларды өткізуге байланысты арнайы заң қабылдады, деп жазады ҚазАқпарат.

Енді тойлар мен отбасылық жиындар және түрлі шаралар мен рәсімдерді өткізуді тәртіпке салу жүйесін жетілдіру туралы ережеге сәйкес, 2020 жылдан бастап өнерпаздар тойларда келісімшарт арқылы қызмет көрсететін болады.

Сонымен қатар, аталған заңға сәйкес, той рәсімдері ықшамдалған түрде өтуі және (әнші, той бастаушы, биші, фотосуретші т.б) құжатта белгіленген тәртіп бойынша той иесінің екі әртістен артық әнші шақыруына (әнші топтар) тыйым салынады.